13 Сәуір, 2016

Архивтану олимпиадасы

493 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
DSC01476Қазақстан Республикасы Президенті архивінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай студенттер арасында алғаш рет архивтану мамандығы бойынша олимпиада өтті. «Ұлт Жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру шеңберінде студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру және оларға болашақта архив мамандығы бойынша жұмыс жасауға ықпал ету мақсатында дайындалған іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе өткізілді. «Индустрияландыру жә­не эконо­микалық өсім» институттық реформасын іске асырудың ма­ңыз­ды бір бөлігі – даярланатын кадр­лардың бәсекелестік қабілетін арттыру болып табылады. Бұл 79-қадамда көрсетілген. Бүгінде осы мақ­сатта Президент архи­він­де ауқымды жұмыстар жүр­гізі­луде. Мәселен, архивте тұрақты түр­де бірқатар жоғары оқу орын­да­рының тарих факультетінің сту­денттеріне өндірістік тәжірибе ұйымдастырылады, оқу залында студенттер дипломдық және курстық жұмыстарын жазу үшін архив құжаттары бойын­ша зерттеулер жүргізеді, архивтің әртүрлі іс-шараларына қатысады, соның ішінде тарихи-құжаттық көрмелер, дөңгелек үстелдер, белгілі зерттеуші тарихшылармен кездесулер өтіп тұрады. Сондықтан да, аталмыш олимпиада – студенттердің ғылымға ынтасын арттырып, Ұлттық архив қорының құжаттарын әйгілеуге, архив ісі мен құжаттануды насихаттауға, архив мамандығының мәртебесін көтеруге өз үлесін қоспақ. Олимпиада екі тур бойынша өтті. Біріншісі 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары. Екінші тур – үй тапсырмасы. Студенттер алдын ала берілген тақырыптар бойынша баяндама жасады. Қазылар алқасының мүшелері Президент архивінің басшылығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің оқытушылары болды. Олимпиадаға әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті, тарих факультетінің «Мұрағаттану, құ­жаттарды жүргізу және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығынан ірік­теліп 15 студент қатысты. 3 студент жүлделі орындарға ие болды. 1-ші орынды 2 курс магистранты Гүлжан Қалмырзаева жеңіп алса, 2-ші орынды 3 курс студенті Балғын Жақсылық, 3-ші орынды 3 курс студенті Жангелді Сұлтанхан иеленді. Қалған студенттер әртүрлі номинациялармен марапатталды. Жүлделі үш орынға белгілі тарихшы, мемлекет және қоғам қайраткері Марат Жақсыбайұлы Хасанаевтің атынан ақшалай шәкіртақы тағайындалды. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».