16 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №191 

559 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2016 жылғы 7 сәуір, Астана, Үкімет Үйі Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы   «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі №191 қаулысымен бекітілген Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары 1. Осы Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және судья лауазымына біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдардың полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер: 1) полиграф – адамға сауалнама жүргізу процесінде аналогтық және (немесе) цифрлы түрде көрі­нетін, ұсынылатын вербалдық және көру стимулдарына жауап ретінде физиологиялық реак­ция­сының серпінін (тыныс алуы, жүрек-қан тамырларының белсенділігі, тері-гальваникалық реак­ция­сы, қозғалыс белсенділігі, бетінің мимикасы және басқалары) тіркеуге арналған техникалық құрылғы; 2) полиграфологиялық зерттеу – адамның психофизиологиялық куәландыру кезінде пайда болатын жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы медициналық датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалнама жүргізу рәсімі; 3) полиграфолог – тиісті даярлықтан өткен және полиграфологиялық зерттеу жүргізуге құқығын растайтын құжаты (сертификат, диплом, куәлік) бар адам. 3. Полиграфологиялық зерттеуден (бұдан әрі – зерттеу) судья лауазымына біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдар өтеді. 4. Қосымша ақпарат алу және судьялыққа кандидаттар (бұдан әрі – зерттелетін адамдар) хабарлаған мәліметтердің растығын тексеру зерттеуден өтудің мақсаты болып табылады. 5. Зерттелетін адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде зерттеуден өтеді. 6. Зерттеуден өтудің негізгі міндеттері Заңның 15-бабының 2-тармағымен айқындалған. 7. Зерттеуді полиграфты пайдалана отырып, полиграфолог жүргізеді және ол бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды: 1) зерттелетін адаммен тестілеу алдындағы әңгімелесу; 2) зерттелетін адамды тестілеу; 3) қорытынды шығару. 8. Зерттеу зерттелетін адамның қалауы бойынша мемлекеттік не орыс тілінде жүргізіледі және зерттелетін адамда қадір-қасиетін түсіру немесе қорлау сезімінің туындауын болдырмауы тиіс. Қажет болған жағдайда аудармашы ұсынылады. 9. Полиграфолог зерттеу жүргізер алдында қолдағы материалдармен алдын ала танысады, қажет болған кезде зерттелетін адамның денсаулығының жай-күйі туралы зерттелетін адам ұсынған медициналық құжаттарды зерделейді және медициналық мекеменің тиісті мамандарымен консультация жүргізеді. 10. Зерттелетін адаммен жүргізілетін тестілеу алдындағы әңгімелесу: 1) зерттелетін адамның құқықтарын, сондай-ақ зерттеудің міндеттерін түсіндіруді; 2) полиграфпен және оның жұмыс қағидатымен танысуды; 3) сұрақтарды талқылауды және түзетуді; 4) жауаптан жалтаруды, күйгелектігін, мінез-құлқы мен сөзінің сәйкессіздігін анықтау мен тіркеуді көздейді. 11. Зерттелетін адам тестілеуден өту кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі бөліктен тұратын полиграфологиялық зерттеу туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) толтырады. Декларацияның бірінші бөлігі тестілеу алдында, екінші бөлігі тестілеуден өткен соң толтырылады. Тестілеу сәтінде көңіл-күйі нашарлаған зерттелетін адам бұл туралы тестілеуді жүргізу басталғанға дейін полиграфологқа хабарлайды және ол туралы декларацияда көрсетеді. Бұл жағдайда осындай адамдарды тестілеу осы күн ішінде басқа уақытта не басқа күні жүргізіледі, бұл ретте, көңіл-күйінің нашарлауы себебі бойынша тестілеуді ауыстыруға он күнтізбелік күн ішінде екі реттен асырмай жол беріледі. Сонымен қатар, зерттелетін адамды: 1) жүрек-қан тамырлары немесе тыныс алу қызметінің бұзылуына байланысты сырқаты күрт ушыққан жағдайда (зерттелетін адам тиісті медициналық қорытынды ұсынады); 2) зерттелетін адам алкогольге немесе есірткіге мас күйде болса немесе улануының қалдық құбылыстары болса; 3) жүктілігі туралы деректер болса, тестілеуге жол берілмейді. 12. Зерттеу жүргізген кезде оны аудио және бейнеге жазып алу жүзеге асырылады, ол туралы зерттелетін адамға хабарланады. 13. Зерттелетін адамды үздіксіз тестілеудің ұзақтығы 120 минуттан аспауы тиіс. Жүктемені азайту үшін тестілеу барысында зерттелетін адамға ұзақтығы 15 минутқа дейінгі демалыс беріледі. Бұл ретте, зерттеу жүргізген кезде бір полиграфологқа арналған жұмыс жүктемесі күніне екі адамнан аспауы тиіс. 14. Зерттелетін адам тестілеуден осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған бөлмелерде өтеді. Бөлмелерге қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады: 1) алаңы – кемінде 10 шаршы метр, төбесінің биіктігі – кемінде 2,5 метр; 2) қабырғалары мен төбелері дыбыстан оқшаулаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, бейтарап және жағымды түске боялған болуы; 3) бөлмедегі ауаның тұрақты температурасы +20-дан +25-ке Со дейін. 15. Зерттеуден өту нәтижелері бойынша зерттелетін адамның қойған сұрақтарға берген жауаптарының дұрыстығы туралы тұжырымы бар қорытынды жасалады. Қорытындыға жүргізілген зерттеудің мәнін барынша анықтайтын қосымша мәліметтер жазылуы мүмкін. 16. Зерттеу барысында алынған ақпарат ұсынымдық сипатта болады. 17. Полиграфологиялық зерттеуден өткені туралы қорытындыны полиграфолог осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде дайындайды, кейін Кеңестің аппаратына жолдайды. Полиграфологиялық зерттеуден өткені туралы қорытынды одан өткен күннен бастап төрт жыл бойы жарамды болады. 18. Зерттеу материалдары қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттарға жатқызылады. 19. Зерттеу материалдары (зерттеудің нәтижелері туралы қорытынды, полиграммалар түрінде принтерден басып шығарылған психофизиологиялық реакциялар, аудио және бейне материалдар, сұрақтар және басқа да құжаттар) Кеңестің аппаратында бес жыл бойы сақталады. Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 1-қосымша Полиграфологиялық зерттеуге жолдама Жолдама түбіртегінің № ____ Полиграфологиялық зерттеуге __________________________ жолданады (зерттелетін адамның Т.А.Ә.) ___________________________________ (зерттеудің негіздемесін көрсету керек) Бөлім басшысы ___________________________________ (лауазымын, Т.А.Ә. көрсету керек) 20___ж. «____» _______________. «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты» ММ ____________________________________ (жолдама берген органның атауы) Жолдама №_______________ Полиграфологиялық зерттеуге _________________________ жолданады (зерттелетін адамның Т.А.Ә.) ____________________________________ (зерттеудің негіздемесін көрсету керек) Фото М.О. Бөлім басшысы ____________________________________ (лауазымын, Т.А.Ә. көрсету керек) 20___ж. «_____» ______________   Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 2-қосымша Нысан Полиграфологиялық зерттеу туралы декларация 1-бөлім (тестілеу өткізгенге дейін толтырылады) 1. Зерттелетін адамның Т.А.Ә. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Шағымы: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Көңіл-күйі: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Эмоциялық күйі: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Тестілеу сәтіндегі жалпы көңіл-күйі: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Жүрек-қан тамыры және тыныс жолдары қызметінің бұзылуына байланысты сырқаттарының бар екендігі туралы медициналық құжаттарының болуы: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 2. Маған, полиграфологпен әңгімелесу барысында: 1) әңгімелескен және полиграфты қолдана отырып, тестілеу жүргізген кезде аудиокөру қадағалауы мен жазба жүргізілетіні; 2) үздіксіз тексеру ұзақтығының 120 минут құрайтыны және қажет болған кезде 15 минутқа дейін демалыс берілетіні туралы ескертілді. 3. Сондай-ақ маған құқықтар мен зерттеудің міндеттері, полиграф жұмысының қағидаты, тестілеу сұрақтарының тақырыбы түсіндірілді. Зерттелетін адамның қолы ___________________________________________________________________________________ 4. Алкогольге немесе есірткіге мас күйде емес екенімді растаймын. Зерттелетін адамның қолы ___________________________________________________________________________________ 5. Зерттеу жүргізу барысында аудармашының көмегі қажет емес. Зерттелетін адамның қолы_______________________________ Күні және уақыты 20___ ж. «___» ____________ «___» сағат «___» минут 2-бөлім (тестілеу өткізілген соң толтырылады) Мен,_____________________________________________________________________, (зерттелетін адамның Т.А.Ә.) 20__ ж. «___» ____ ___ сағат ___ минуттан ____ сағат __ минутқа дейін (басталған уақыты) (аяқталған уақыты) өткізілген полиграфологиялық зерттеулер шеңберінде тестілеуден соң, ___________________________________________________________________байланысты, (зерттеудің негіздемесі көрсетіледі) мыналарды растаймын: 1) тестілеу уақытында маған алдын ала таныс болған тақырыптағы сұрақтар қойылды; 2) сауал алу уақытында мен тестілеу рәсімдерін үзуге ниет білдірген жоқпын; 3) зерттеу рәсімдері және сұрақтардың мазмұны менің адамгершілік қадір-қасиетіме нұқсан келтірген жоқ және қорлаған жоқ; 4) маған қатысты қауіп, зорлық және ықпал етудің өзге де заңсыз әдістері пайдаланылған жоқ; 5) тестілеу жүргізілген соң менің психикалық күйім және денсаулығым нашарлаған жоқ. Ерекше пікір: _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ __________________________ (қолы, Т.А.Ә.) 20__ж. «_____» __________________ Судьялыққа кандидаттардың полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 3-қосымша Нысан Полиграфологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша қорытынды 20__ жылғы «___» ___________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (бастамашының лаузымы, Т.А.Ә.) жолдамасы бойынша ___________________________________________________________________________________ полиграфологиялық зерттеу жүргізілді. Зерттеуді ________________________________________________________________________ (өткізілген орны) 20__ ж. «___» ________________ - ____________ аралығында полиграфолог (басталған уақыты) (аяқталған уақыты) _________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә.) жүргізді. Зерттеу _________________________________________________________________________________ (маркасы, сериялық нөмірі) полиграфта жүргізілді. Зерттеудің негіздемесі: _________________________________________________________________________________. Анықталуы тиіс сұрақтар: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________. (сұрақтардың мазмұны) Алынған полиграммалар ______________________________________________________________бойынша бағаланды. (әдістеме атауы) Тестілеу барысында зерттелетін адамның жауаптары кезінде мынадай сұрақтарға физио­логиялық реакциялар алынды: 1. _____________________________________________________________________________ 2. _____________________________________________________________________________. Сондай-ақ, зерттелетін адам әңгімелесу процесінде ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (зерттелетін адамнан қандай да болмасын құқыққа қайшы әрекеттер туралы алынған ақпарат көрсетіледі) туралы қосымша хабарлады. Зерттеудің нәтижелері мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Полиграфолог: ___________________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә.) 20__ж. «___» _________________