Бүгінде төрткіл дүниедегі қоғам және саяси қайраткерлер талқылауынан өтіп, жалпы жәмиғаттың қызығушылығын тудырған Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесі бойынша Жетісу жерінде бізбен Алматы облысы, Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы Бақыт СМАЙЫЛОВ хабарласқан еді. Өзіндік пікірін Елбасы ойымен сабақтастырып әрі өңірде ел мүддесі үшін тер төгіп, мемлекеттік саясатқа сай әрекет етіп жүрген өкілмен шағын әңгімеміз былай өрбіді.
– Бақыт Жексембекұлы, жалпы түсінікті болғанымен, тарата айтып, саралап, сараптауды қажет ететін жаhандық ынтымақтастық деген ұғым туралы не айтар едіңіз?
– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда әлемнің 51 елінің президенттері мен премьер-министрлері және халықаралық беделді ұйымдар басшылары алдында сөйлеген сөзі ірілікті танытып қана қоймай, үлкен ой тастады. Еларалық ынтымақтың әлемдік деңгейдегі ұйытқысы керектігін аңғартты. Бұл жерде айтайын дегенім, 130-дан астам этнос өкілі тұратын Қазақстанда сол татулық, ынтымақ, достық берік орнығып, оны үлгі тұтуға болатындығы еді.
Егер ұлттар бірлігі дәл біздің еліміздегідей өзге мемлекеттерде де орнаса, адамзаттың бір арманы – ынтымақ жер бетінде беки түсері анық. Сол бейқұт өмірдің тірегі бейбітшілік деген сөзді саралап көрсеңіз, бірінші кезекте көз алдыңызға өзіңіздің өңіріңіздегі ахуал келмей ме?! Құдайға шүкір, Жетісу жерінде 103 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Осыған сүйене ынтымақтастық мәселесін Елбасы биік мінбеден ашық айтып, саясаткерлерді мойындата білді деп санаймын.
Ал ынтымақтың ұйытқысы отбасы болып табылады. Бұл ұлағатты атам қазақ «Ырыс алды – ынтымақ» деген бір ауыз сөзіне сыйдыра алған. Демек, бейбітшілікті аңсап, ынтымақтастыққа ұмтылып отырған әлем халықтарына үлгі бола аламыз. Бір есте сақтайтын жайт, төрткүл дүниеде бейбітшілікті орнату қанша әлеуетті болса да бір мемлекеттің ғана қолынан келетін іс еместігін айтулы форумда Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обама да айтып өтті ғой.
– Ендігі әңгімені жаппай қырып-жоятын қарудан арылу мәселесіне ойыстырсақ.
– Кеңестік дәуірде алапат күшімен әлемді түршіктіріп тұрған Семей ядролық полигонының Елбасының бастамасымен, Қазақстан халқының қолдауымен жабылғанын бейбітшілікке ұмтылған елдер жай ғана айтумен шектелмей, өзге мемлекеттерге үлгі тұтуда ғой. Сөзі мен ісі қабысқан еліміздің аумағында барлық ядролық қару жойылғаны тағы ақиқат. Бұл қадам Қазақ елінің осы саладағы онсыз да жоғары беделін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте одан бетер көтерді.
Біздің еліміз қашанда ядролық қаруды таратпауды ұстанған мемлекеттердің көш басында тұратыны анық.
Әңгімелескен
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»
Алматы облысы

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • 22 Сәуір, 2026
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • 22 Сәуір, 2026
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • 22 Сәуір, 2026
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • 22 Сәуір, 2026
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • 22 Сәуір, 2026
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • 22 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • 22 Сәуір, 2026