Үш тұғырлы тіл – ұлттың келешегі
Оқысам, білген үстіне біле түссем деп алға ұмтылып тұрған жастарды көргенде сүйсінесіз, тілдесудің өзі жаныңа жағымды. Өйткені, ілтипат пен ізетке толы қазақы құндылыққа таңданбасқа әддіңіз қалмайды. Сөз Талдықорғанда жүріп қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген сол өскелең ұрпақта. Манас ЖҰМАШЕВ, қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы: – Ана тіліме деген құрметім адалдығымда. Үш тұғырлы тіл бойынша облыстық бәсекеде 1-орынды жеңіп алғанмын. Бұл тұрғыда жақсы жетістікке жету, еткен еңбегіңнің кішкентай болса да жемісін көру үшін ерінбеу, іздену аздық етеді. Бәрібір бір нәрсе жетіспей тұратын тәрізді. Ол – арман. Сол арманға, яғни үш тілді еркін меңгеріп, кідіріссіз оқып, сауатты жазып, әртүрлі деңгейде қысылмай сөйлеу үшін жету уақытын белгілеп қойсаңыз, ол мақсат болып шықпай ма. Мақсат адамға күш береді. Әрдайым қайрап отырады. Өз басым қазақ тілінің байлығына, шұрайлылығына тамсанамын. Өзге тілдермен салыстырғанда қашанда таразы басын басып тұрады. Еліміздегі ресми тілде таза сөйлеумен шектелмей, өте сауатты жаза да білетінімді сырт көз анық байқап, бағалап та жүр. Сол сияқты халықаралық қатынастар тілі – ағылшын тілін де жетік меңгердім. Егер шетелге жоғары оқу орнына оқуға түссем тарықпайтынымды да білемін. Одан әрі іздену, оқу арқылы білімімді ұштау басты мақсатым екені тағы анық. Гүлдана БАБАШОВА, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназияың 10-сынып оқушысы: – Қазақ тілі менің ана тілім ғой. Осы ана тіліме деген құрметім уақыты келгенде қажеттілігімді өтеп, төрткіл дүниенің есігін ашып береді деп санаймын. Сондықтан, қазақ тілінде таза сөйлеп қана қоймай, өте сауатты жазып, мүдірмей оқу басты міндетім екені анық. Ал орыс тілі біздер, яғни қазақстандықтар үшін барлық этнос өкілдерімен еркін сөйлесетін, қарым-қатынасты нығайтатын ресми тіл болып табылады. Ана тілімді құрметтегендей, ресми тілді де құрметтейтіндігімнің белгісі таза сөйлеп, жазып, оқи аламын. Еш қысылмаймын. Халықаралық қатынасты орнататын тіл – ағылшын тілі болғандықтан оған да ден қойып қажет жерінде шетелдіктермен таза сөйлесіп, жазып беруден де жалтармайтыным, тарықпайтыным анық. Ұстаздарымыздың еңбегін бағалай білетіндіктен үш тілде еркін сөйлеп те, жазып та, оқып та жүрміз. Бұл қадам бізді болашақта таңдаған жоғары оқу орнына түсіп, білім алуымызды жалғастыратынымызға жарқын жол ашар деп үміттенемін! Жазып алған Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» ТалдықорғанМаңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • 22 Сәуір, 2026
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • 22 Сәуір, 2026
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • 22 Сәуір, 2026
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • 22 Сәуір, 2026
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • 22 Сәуір, 2026
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • 22 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • 22 Сәуір, 2026