17 Сәуір, 2016

Қуатты жер сілкінісінен 77 адам опат болды (фото)

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-04-2016 ecuadorАСТАНА. 17 сәуір. Эквадорда қуатты жер сілкінісінің салдарынан 77 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Магнитудасы 7,8 баллды құраған зілзаланың эпицентрі Педерналес қаласының солтүстік-батысынан 14 шақырым қашықтықта, ошағы 10 километр тереңдікте орналасқан. Эквадордың вице-президенті Хорхе Глас Эспинельдің айтуынша, табиғат апатынан 588 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Ал қаза тапқандардың саны алдағы уақытта әлі де артуы мүмкін деген болжам бар. El Comercio басылымы Гуаякиль қаласында жер сілкінісінің салдарынан үлкен көпір бірнеше көліктің үстіне құлағанын хабарлады. Ал куәгерлер бірнеше сауда орталығына шығын келгенін айтты. Жер асты дүмпуінің салдарынан қала тұрғындары баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Оңтүстік Америка еліндегі апаттан бірнеше ғимараттар, тұрғын үйлер қирап қалған. Байланыс желілері үзіліп, қала тұрғындары жылусыз, байланыссыз қалды. Ал Reuters агенттігі таратқан ақпаратта мемлекет астанасы Кито қаласында электроэнергия желісі қалпына келтірілді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС. 17-04-2016 ecuador 2 17-04-2016 ecuador 3