ҚАРАҒАНДЫ. 17 сәуір. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин салмақ дәрежелеріне қарамастан әлемдегі үздік боксшылардың рейтингісінде бірінші орынға көтерілді. Бұл туралы vesti.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, International Business Times басылымы құрастырған рейтингіде Геннадий Головкин салмақ дәрежелеріне қарамастан (Pound-for-pound, P4P) әлемдегі ең үздік боксшылардың тізімінде көш бастады.
Рейтинг авторлары атап өткендей, қазақстандықтың 34 жеңісінің ішінде әлемге әйгілі боксшылардың есімі болмаса да, Головкиннің мықтылығы сол – дүние жүзіндегі ең үздік деген былғары қолғап шеберлері онымен күш сынасудан тайсақтайды. Ол шаршы алаңда қарсыластарының бәрін де айқын басымдықпен жеңіп келеді. Өзінің канадалық Давид Лемьемен өткізген соңғы жекпе-жегінде де қарсыласын бетқаратпай ұтып, қатарынан 21-ші нокаутқа қол жеткізді.
Айта кетейік, санаулы күннен кейін Лос-Анджелес қаласында Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер бұл жекпе-жекті «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде 24 сәуір күні таңертең көре алады. Осы жекпе-жектің жеңімпазы мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен британиялық Амир Хан арасындағы тартыста мерейі үстем болған боксшымен қолғап түйістіреді.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: vesti.kz.
• 17 Сәуір, 2016
Головкин Pound-for-pound рейтингісінде топ бастады

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • 22 Сәуір, 2026
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • 22 Сәуір, 2026
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • 22 Сәуір, 2026
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • 22 Сәуір, 2026
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • 22 Сәуір, 2026
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • 22 Сәуір, 2026
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • 22 Сәуір, 2026
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • 22 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • 22 Сәуір, 2026
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • 22 Сәуір, 2026
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • 22 Сәуір, 2026