18 Сәуір, 2016

Эквадорда зілзаладан 272 адам қаза тапты (фото)

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-04-2016 ecuador 4АСТАНА. 18 сәуір. Эквадорда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 272 адамға жетті. Сондай-ақ, 2 мыңға жуығы түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ресми түрде опат болғандардың саны 272 адам. Табиғат апатынан үлкен шығын келді. Соңғы 67 жыл ішінде елімізде мұндай жағдай болмаған еді. Дегенмен зілзаланың зардабы мамандардың болжамындай ауқымды болмады», – дейді мемлекет президенті Рафаэль Корреа. Қазір құтқарушылар мен өрт сөндірушілер қиранды астында қалған тұрғындарды құтқару жұмыстарымен айналысуда. Алдын ала мәлімет бойынша, үгітінді астында тірі қалғандардың саны көбірек болуы мүмкін. Өткен жексенбі күні ел президенті Манаби провинциясындағы Манта қаласына келген. Дәл осы аймақта 16 сәуір күні 7,8 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл қалада 1979 жылдан бері мұндай қуатты зілзала болмаған. Тынық мұхитының қасында орналасқан провинцияда табиғат апатынан үлкен шығын келді. Көптеген ғимараттар, көпірлер қирап, тұрғындар жарықсыз, байланыссыз қалды. Эквадорда Рафаэль Корреаның нұсқауымен төтенше жағдай режімі жарияланды. Мамандар магнитудасы 7,8 баллды құраған жер сілкінісінен кейін тағы да 180-нен астам дүмпу болғанын мәлімдеді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС. 18-04-2016 ecuador 3 18-04-2016 ecuador 2 18-04-2016 ecuador 1