18 Сәуір, 2016

Қытайдан 4,5 мың жыл бұрын жерленген адам қаңқасы табылды

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-04-2016-esky korumАСТАНА. 18 сәуір. Қытайдың Сычуань провинциясында жақсы сақталған адам қаңқалары табылды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Сарапшылардың айтуынша, табылған адам сүйектері шамамен 4,5 мың жыл бұрын жерленген. Сонымен қатар, ескі қорымдар тарихқа дейінгі қала болған Сиань Чжао ауылында орналасқан. Археологтар қаңқалардың жақсы сақталуы олардың су деңгейінің астында жатып, ауаға шықпағандығында дейді. Бұл мүрделер неолит дәуіріндегі адамдардың денсаулық және тамақтану ерекшеліктері, сондай-ақ, ауыз қуысының аурулары мен емдәмінің құрамын зерттеуге көмектеспек. Айта кетейік, бұған қоса зираттардан тас және қыштан жасалған бұйымдар, піл сүйегінен жасалған 2 білезік сияқты құнды мәдени жәдігерлер табылды. Талғат Райымбек. Дерек, фото: 24.kz.