18 Сәуір, 2016

Қазақстан Азия чемпионатында 3 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлде алды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18.04.2016 AST-5 АСТАНА. 18 сәуір. Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командасы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медальді жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұған дейін ерлер арасында 60 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметовтің, әйелдер арасында Отгонцэгцэг Галбадрах (48) пен Мариан Ордабаеваның (63 кг) Азия чемпионы атанғанын хабарлағанбыз. Чемпионаттың екінші күні Дидар Хамза (73 кг) мен Гүлжан Исанова (78кг) күміс медальді иеленсе, Елдос Жұмаханов (66 кг), Максим Раков (100 кг), Әзиз Қалқаманұлы (81 кг), Ержан Шынкеев (100 кг) қола жүлдеге ие болды. Дастан Кенжалин. Дерек: egemen.kz Фото: Дзюдо федерациясының vkontakte әлеуметтік желісіндегі парақшасы. 18.04.2016 AST-6