2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 492-V ҚРЗ Заңына 1-қосымша
Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияға мәлімдемелер Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) 63-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мынадай мәлімдемелер жасайды: 1) шешімді тану және орындау туралы мәлімдемеге қатысты Конвенцияның 23 (2) – (11)-бабының ережелеріне қарамастан, Конвенцияның 24-бабында көзделген тану және орындау рәсімі қолданылатын болады; 2) Конвенцияның 30 (7)-бабында көзделген алименттер туралы келісімді тану және орындау туралы мәлімдеме Қазақстан Республикасының орталық органы арқылы ғана берілуі мүмкін. 3) Конвенцияның 44 (1)-бабына сәйкес сұрау салушы мүше мемлекеттердің кез келген мәлімдемелері және ілеспе құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында, егер олар тиісті түрде куәландырылған қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге берілсе, орындалуға қабылданады. 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 492-V ҚРЗ Заңына 2-қосымша Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияға мәлімдеме Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияның 62 және 44 (3)-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы орталық органдар арасында өзге хабарламаларды жүзеге асырған кезде француз тілін қолданудан бас тартады. Мұндай өзге хабарламалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде не ағылшын тілінде жүзеге асырылады.Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше