19 Сәуір, 2016

Жемқорлықтың алдын алу маңызды

483 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Арыстанбек МұхамедиұлыКеше Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың қатысуымен мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу және болдырмау мәселелері бойынша селекторлы жиналыс өтті. Оның жұмысына министрлік коми­теттері және департаменттерінің басшылары, ведомстволық бағынышты ұйымдардың жетекшілері және Аста­на, Алматы қалалары мен аймақ әкім­діктері салалық бөлімдерінің өкілдері қатысты. Ведомство басшысы А. Мұхаме­ди­ұлы Мәдениет және спорт ми­нистрлігі мен оған қарасты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық фактілеріне тосқауыл қою және болдырмау бойын­ша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады. Ал Ұлттық бюро төрағасының орынбасары А. Шпекбаев әлемдегі ең қауіпті кесел болып табылатын сыбайлас жемқорлықпен күрестің өзектілігі мен күрделілігіне тоқталды. Бұл бағытта тиімді жұмыс жүргізу үшін барлық жағдай жасалып, тиісті құқықтық база құрылған. 2016 жылы 59 заң, соның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң қабылданып, 2015-2025 жылдарға арналған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия іске қосылды. Ол сыбай­лас жемқорлықты болдырмау, ішкі және сыртқы қауіптерді сараптау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу, т.б. институттарды көздейді. Сонымен қатар, А. Шпекбаев мә­дениет және спорт ұйымдары мен  мекеме басшыларының назарын саладағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша іс-әрекеттерді қатаң бақылауға алып, сыбайлас жемқорлық қауіптерін алдын алу мен ескерту үшін барлық шаралар жүргізу және сала қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарды тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығына аударды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.