19 Сәуір, 2016

Күн тәртібі келісілді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының бюросы палатаның 21 сәуірде өткі­зілетін отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ке­ліс­ті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Сенаторлар «Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Рес­пуб­ликасында офистер құру және олардың жұмыс істеуі тура­лы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын және Сенат депутаты Ләззат Тұрлашов­тың Алматы облысы әкімінің бірін­ші орынбасары болып та­ға­­­йындалуына байланысты оның өкілеттігін тоқтату туралы мә­се­лені қарайды.