Жақында еліміз бойынша әйел әскери қызметшілерге КамАЗ автомобильді техникасын жүргізуді үйрету бойынша сабақтар өткізіле бастады. Оның алғашқы сабағы 83205 әскери бөлімінің базасында өтті.
Сабақтар жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес айына бір рет практикалық сабақтарға ауысып отырады. Қарулы Күштерде осы сабақтарға жауапты әскерилердің бірі 83205 ә/б командирі полковник Айдар Абдрахманның айтуынша, әрбір әскери қызметші жынысына қарамастан, жауынгерлік техниканы жүргізе алуы тиіс. Әйел әскери қызметшілер ерлермен қатар барлық практикалық сабақтарды орындайды. Бұл соғыс кезінде әйелдердің техниканы жүргізуі үшін қажет.
Бүгінде әйел әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығына жақсы баға берілуде. Олар ерлермен бірге жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеруде. Нәзік жандарға КамАЗ сияқты ауыр техникаға отырып, оның ауыр рөлін ұстау оңай емес. Дегенмен, 83205 әскери бөлімінің арулары өздерінің практикалық машықтары мен жауынгерлік даярлықтарын көрсетті.
– Мен Қарулы Күштерде 13 жылдан бері қызмет атқарып келемін. Күн сайын бізде жауынгерлік әзірлікті арттыру бойынша сабақтар өткізіледі. Жаңа жылдан бастап біз КамАЗ жауынгерлік техникасын жүргізуді үйрене бастадық. Басында қиын болды. Біз саз балшықты жерде жүргіздік. Бірақ мен машинаны тез игеріп алдым. Маған КамАЗ-ды жүргізу өте ұнайды. Менің ойымша, әскерде әрбір әскери қызметші ұрыс техникасын жүргізе алуы тиіс, – деді 83205 ә/б әскери қызметшісі, аға лейтенант Гүлден Әлиева.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше