19 Сәуір, 2016

Жарыстар жаңғырығы

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ТАЭКВОНДО. Филиппиннің Манила қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Айнұр Есбергенова финалға шығып, бірден Олимпия ойындарына жолдама алды. Енді ол финалда Тайпей таэквондошысымен күш сынасады. Айнұр  Есбергенова Қызылорда облысында №1 олимпиадалық резерв мектебінде оқиды. Жаттықтырушысы – Николай Курноскин. Ол – Сыр бойынан Олимпиадаға жолдама алған бесінші спортшы. ҮСТЕЛ ТЕННИСІ. Қазақ­станнан Олимпиадаға лицензия алған спортшылардың тізі­мін тағы бір отандасымыз то­лықтырды. Спорт шебері Кирилл Герасименко Қытайдың Сянгань қаласында өткен турнирде Олим­пия ойындарына жолдаманы же­ңіп алды. ДЗЮДО. Ташкент қаласында Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командасы 3 алтын, 2 күміс және  4 қола медальді жеңіп алды. Ерлер арасында 60 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов, әйелдер арасында Отгонцэгцэг Галбадрах (48) пен Мариан Ордабаева (63 кг) Азия чемпионы атанды. Дидар Хамза (73 кг) мен Гүлжан Исанова (78кг)  күміс медальді иеленсе, Елдос Жұмаханов (66 кг), Максим Раков (100 кг), Әзиз Қалқаманұлы (81 кг), Ержан Шынкеев (100 кг) қола жүлдеге ие болды. ФУТБОЛ. Қазақстан премьер-лигасының 6 турының ойындары ойналды. Турда Шымкентте «Ордабасы» Алматының «Қай­рат» клубын 2:0 есебімен ұтса, Тал­дықорғанда «Жетісу» «Тараздан» 2:1 есебімен басым түсті. «Астана» өз алаңында Қос­танайдың «Тобыл» коман­дасын 1:0 есебімен жеңсе, «Атырау» Оралдың «Ақжайық» клу­бынан 2:0 есебімен айласын асырды. Ал «Ақтөбе» мен Павлодардың «Ертіс» командалары 1:1 есебімен тең тарқасты. Қарағандыда «Шахтер» мен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойыны күтпеген нәтижемен аяқталды. Мачта қонақтар алаң иелерін 2:0 есебімен ұтты.   «Егемен-ақпарат»