19 Сәуір, 2016

Әскери теңізшілер Бахрейнде болып қайтты (фото)

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.04.2016 AST АСТАНА. 19 сәуір. Қазақстан Республикасы мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасында екіжақты ынтымақтастық шеңберінде еліміздің Қарулы Күштері Әскери теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов теңіз инфрақұрылымының қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық симпозиумға қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгінгі таңда теңіз инфрақұрылымы өте көкейкесті мәселе. Әлемнің көптеген елдері лаңкестердің, қарақшылардың тарапынан қауіп-қатерлерге душар болып отыр. Осы қатерді болдырмау және сауда кемелерінің теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңіз компанияларына Әскери-теңіз күштері және жағалық күзетпен тығыз қарым-қатынаста болу қажет. Конференция барысында 30 елдің Әскери-теңіз күштерінің өкілдері, 20-дан аса компания және әскери-теңіз саласындағы 30-дан аса маман осы және өзге де мәселелерді талқылады. Одан басқа, сапар барысында ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы бесінші флоттың қолбасшысы вице-адмирал К. Донеганмен кездесті. Кездесуде ҚР ҚК ӘТК әскери қызметшілерінің АҚШ ӘТК 5-ші флотының корабльдерінде практикадан және тағылымдаман сәтті өтуі, сондай-ақ олардың әртүрлі конференцияларға, форумдар мен симпозиумдарға қатысуы талқыланды. Сонымен қатар екі елдің әскери қызметшілері АҚШ ӘТК-нің «Proud Lions» корабліне барды. Бүгінгі таңда шетелде еліміздің Әскери-теңіз күштерінің болашақ әскери қызметшілері атанатын 50-ден аса қазақстандық курсант білім алып жатыр. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі. 19.04.2016 AST-1 19.04.2016 AST-2 19.04.2016 AST-3