19 Сәуір, 2016

Әлеуметтік желіде жаңа акция басталады

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.04.2016 AST-6 АСТАНА. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Отан қорғаушылар күніне арналған акцияны бастайды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Акцияда нәзік жандарға ер азаматтарды 7 мамыр мерекесімен құттықтау үшін әлеуметтік желідегі парақшада мерекелік аквагрим бар видео, фото мен селфи жасап, шағын видео түсіру керек.  Акция #kzarmy және #7мамыр хэштегімен әлеуметтік желілерде бастау алады. Әзірге акцияны санаулы адамдар ғана қолдап отыр. Соның ішінде әншілер  Роза Рымбаева, Майра Ілиясова, Айгүл Иманбаева, Тамара Асар, Серік Ибрагимов, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бар. Биыл Отан қорғаушылар күні Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» бірыңғай ұраны  аясында өтеді. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі. 19.04.2016 AST-7 19.04.2016 AST-8 19.04.2016 AST-9 19.04.2016 AST-10