19 Сәуір, 2016

Павлодарда жергілікті үлесті арттыру жөнінде кеңес өтті

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-04-2016-Pavlodar 1ПАВЛОДАР. 19 сәуір. Өңірдегі индустриялық-инновациялық даму басқармасы Кәсіпкерлер палатасы жергілікті филиалымен бірлесіп өткізген кеңесте облыс аумағындағы жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуындағы жергілікті үлесті арттыру жөніндегі жұмыстары тыңдалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кеңеске «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы, «Қазақстан электролиз зауыты», «Павлодар машина жасау зауыты», «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамы филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы», «Екібастұз ГРЭС-1» серіктестігі, «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы», «Богатырь Көмір» серіктестігі сияқты облыстың ірі жүйе құраушы кәсіпорындары мен 90-ға жуық басқа мекемелер қатысты. Индустриялық- инновациялық даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыровтың айутынша, кеңес қорытындысында облыстағы тауар өндірушілерімен шамамен 130,0 млрд. теңге көлемінде  келісім хаттамаларына қол қойылды. Алдағы күндері өңірдегі KAZ Minerals Bozshakol, KSP Steel, «Қазэнергокәбіл», «Майкубен-Вест» серіктестіктері сияқты облыстағы ірі кәсіпорындардың қатысуымен жергілікті үлесті арттыру жөнінде кеңес өткізу жоспарлануда. Фарида Бықай. Дерек, фото: egemen.kz. 19-04-2016-Pavlodar