Қостанай ауданындағы Суриков ауылы түгелге жуық судың астында қалды.
Ал қар суы ауылдың ішіне аптаның басында кіре бастаған. Көктем кеш шығып, биыл түскен қалың қардың көбесі сөгіле қоймаған соң, ауыл адамдары суда қаламыз деп ойламаған. Соңғы күндері күн күрт жылынғанда ауылға аққан қарғын судың қарқынына қарсы тұру мүмкін болмады.
– Таңертең сиыр саууға тұрсам, бұзау мен сиырым суда тұр. Сиырды құрғақтау жерге жетелеп жүргенімде су да қораны түгел жайлады, одан үйге кірді, – дейді ауыл тұрғыны Оксана Шипилова. Суриков ауылының тұрғындары ауылдық округ, аудан басшыларына дабыл қақты. Олар және Төтенше жағдайлар департаментінен қызметкерлер жеткенше су тоқтаусыз көтеріле берді.
Жылдам еріген қар суы бой бермей, аз ғана уақыттың ішінде үйлердің терезесінен кірді, кейбір үйлер мен мал қорасының шатыры ғана көрінеді. Солтүстік аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару және Батыс Қазақстан облысынан көмекке келген жасақтар ауылдағы барлық малды құрғаққа шығарып үлгерді. Ауыл адамдары бүкіл дүние-мүлкі суда қалса да, малының аман қалғанына шүкіршілік етіп отыр. Өйткені, ауыл түгелдей тек өз қорасындағы малдың өнімімен күн көреді. Сауған сүтін Қостанай қаласындағы «Новый день» сүт зауытына өткізеді. Ауыл суда қалғалы зауыттың сүт таситын машинасы да келе алмай отыр. Ауылдың қыстан қалған жем-шөбі суда қалды.
Ауылдағы көнекөздердің айтуынша, Суриков ауылына бұл 70 жылдан аса уақыттан кейін келіп отырған су көрінеді. Жұт жалғыз болмайды дегендей, соғыс басталған 1941 жылы бұл елді мекенді су басқан екен.
– Ауыл тұрғындарының шығыны елді мекен толық судан тазартылған соң есептелетін болады, оны өтеу үшін аудандағы резервтік қордан 21 миллион теңге қаржы табылады. Жетпегеніне облыс бюджетінен бөлінеді, – деді Қостанай ауданының әкімі Тәуба Исабаев. – Қазір судың беті қайтты. Ауыл ішіндегі суды сорғымен сорып, Шынсай сайы арқылы Тобыл өзеніне құю жұмысы жалғасуда.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай облысы,
Қостанай ауданы,
Суриков ауылы

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше