Жақында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуымен компанияның бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындыларына арналған мәжіліс болып өтті.
Мәжіліс барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың аталған бағдарламасының менеджері Талғат Иманов жобалау командасы атқарған жұмыс туралы қысқаша айтып берді.
«Бірінші кезең аясында барлық бизнес-үдерістердің, 1 және 2-деңгейдегі дизайн-үдерістердің диагностикасы қарастырылып, бизнес-архитектурасының тұжырымдамасы қалыптастырылды. Екінші кезең шеңберінде бизнес-бастамаларға талдау жасалып, жобалардың портфелі жасақталды, сондай-ақ, қажетті ресурстарға, инвестициялар мен күтілетін тиімділікке бағалау жүргізілді», деп хабарлады Т.Иманов.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Адамас Илькявичюс атап көрсеткендей, үлкен жұмыстар жүргізілген. Компания коммерциялық арнаға көшудің жаңа бағытымен сенімді жүріп келеді.
Корпоративті даму жөніндегі басқарушы директор – трансформациялар бағдарламаларының демеушісі Еркін Жусанбаев компанияның осы бағытқа 2000 жылдан – теміржол көлігін реформалау мемлекеттік бағдарламасы мен «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған кезден бастап түскенін атап өтті.
«ҚТЖ-ның» 2016-2018 жылдарға арналған трансформациялау жөніндегі жол картасына 27 жоба енеді. Директорлар кеңесінің мүшелеріне логистика мен жүк тасымалдаудағы, сауда-саттық пен операциялық қызметтегі, активтер мен сатып алулар басқармасындағы басты өзгерістер көлденең тартылды.
Кездесу конструктивті үнқатысу пішімінде өтіп, талқыланған мәселелер бойынша өте тығыз пікір алмасуларға жалғасты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшелері компания қызметіндегі кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан шаралар кешеніне толық қолдау білдіріп, жасалған жұмысқа жоғары баға берді.
«Егемен-ақпарат»

Кендірлі әуежайы 2027 жылы толық іске қосылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47