Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл амалдары күннен-күнге жанданып келеді. Соның бірі ретінде кеше «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы арасында серіктестік келісіміне қол қойылды. Осыған орай енді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру бойынша әрі жемқорлықты жоюға ықпал ету мен әлеуметтік жауапкершілікті арттыру үшін екі жақ тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін болады.
Бұл жөніндегі құжатқа Ұлттық компания басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы Қайрат Қожамжаров қол қойды. «Біз үшін жемқорлықтың қандай да бір белгілері турасында өзара ақпарат алмасу мәселесі маңызды. Сонымен қатар, бірлескен жұмысымыз қоғам қызметкерлері тарапынан жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алуға, сондай-ақ жосықсыз компаниялармен келісімшарттар жасасуға жол бермеуге бағытталған. Мұның барлығы Ұлттық бюро мен ұлттық компанияның көздеген мақсаттарына сәйкес келеді», – деді Қайрат Қожамжаров. Осы ретте, Қайрат Қожамжаров келісімге қол қою бастамасы үшін Ахметжан Есімовке ризашылығын білдірді.
Ал Ахметжан Есімов, ЭКСПО – Елбасы бастамасымен қолға алынған тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды әрі орасан жоба дей келе: – «Бүгін біз осында жобаға қатысушы барлық компанияларды, бас мердігерлерімізді шақырдық. Бұл біреулерді қорқыту үшін емес, құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін жасалып отыр. Біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы өкілдік жұмысы нағыз осы құқық бұзушылықтың алдын алып, оған жол бермеуге бағытталған. Ең бастысы, бизнес не қалайтынын, мемлекеттің не қалайтынын түсінуіміз қажет. Әлбетте, бизнес барынша көп пайда табуға, ал мемлекет қазіргі жағдайды ескерсек, шығындарды азайтуды қалайды», – деп атап өтті.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов қол қойылған меморандумның тек ресми сипатта ғана болмайтындығын да еске салды. Құжат ашықтық пен жариялылық қағидаттары бойынша жасалған бірлескен әрі келісілген іс-қимыл негізінде серіктестіктің тиімділігіне ықпал ететін болады.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан»

Кендірлі әуежайы 2027 жылы толық іске қосылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47