«Nurmash» деп аталатын қазақстандық стартап жобасының мобильдік қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
«Nurmash» еліміздегі «Болашақ» бағдарламасының түлектері ойлап тапқан қазақстандық жоба. Мұның негізінде тың идеяның жатқанын ерекше атап өткен жөн, дейді жоба авторлары. Олардың айтуынша, бұл – ыңғайлы әрi пайдалануға жеңiл түрде ойластырылған мобильдi қосымша форматындағы мультимедиялық онлайн-қызмет. Сондай-ақ, жоба авторлары IT жоба арқылы сатушы мен тұтынушы арасында өзара тиімді байланыс орнатуға болатынын жеткізді. Сатушы өз тауарына жарнама жасайды. Тұтынушы болса, сол жарнамадан пайда көре алады. Компаниялар жеке кабинеттерiне кiрiп, промоакциялар ойнатады, қатысушылар смартфондары арқылы аталған промоакцияларға қатысып, қомақты ақшалай сыйлықтарға ие болады. Ал жыл соңында промоакциялардың бүкiл қатысушысының арасында iрi джек-пот ойнатылады. Ол үшін қосымшаны жүктеп, facebook.com, vk.com, plus.google.com немесе Instagram арқылы тіркелу керек. Сосын жеке компаниялар ұсынған промоакциялардың біреуін таңдап, қатысу қажет. Қатысу шарттары – қысқа видеоны қарап шығу, фото жасау, фотомен әлеуметтік желілерде бөлісу немесе бір сұраққа жауап беру. Міне, аталған шарттарды орындап шыққан адам лотереяға қатысады. Оның сыйақы қоры аз емес. Лотереяның қорытындысы бойынша 40-тан астам адам қыруар қаржыны ұта алады. Осылайша, сатушы өз тауарына арзан әрі креативті жарнама жасаса, тұтынушы ақы қажет етпейтін шарттарды орындап, ақшалай сыйақыға ие бола алады. Стартап аясында бүгінде 5 ұлттық және 3 қалалық промоакция басталған. Промоакциялар қатарында әлемдiк фастфуд желiсiнiң аймақтық өкiлдiк компаниясы, банк, iрi супермаркет пен қалалық сауда ойын-сауық орталықтары бар.
Жоба авторы әрі «Nurmash-CIS» ЖШС бас директоры Ескендір Қасеновтің айтуынша, бас кезінде олар осы жобаны Америка сияқты үлкен нарықта іске асыруды ойлаған. «Алайда оның авторлары қазақстандық мамандар болғаннан кейін өз елімізде бастауды жөн көрдік», деді Е.Қасенов. Қазіргі күні жобаның бас бөлімшесі АҚШ-та орналасқан.
«Кәсiпкерлер үшiн жоба аса пайдалы. Компанияның жеке кабинетiнде аудиторияның құрылымы, географиясы, жас мөлшерi, өнiмге қатысты талаптары мен тiлектерi және өзге де ақпарат болады. Барлық мәлiмет ыңғайлы графикалық сызба түрiнде берiлген», дедi ұйымдастырушылар.
Америкада «өмірге келіп», Қазақстанда жүзеге аса бастаған жобаның мобильдік қосымшасына біз де үңіліп көрдік. Идея авторлары айтқандай-ақ, ақпараттың бәрі бар. Алайда, бір әттеген-айы, орыс, ағылшын тілдеріне таңдау болғанымен, қазақ тілі жоқ. Бұл қазақстандық жігіттер ойлап тапқан жоба деп қанша мақтанғанымызбен, жобаның қазақша сөйлеуге қауқары келмей тұрғаны көңіл құлазытады екен. Тым болмаса, елімізде үштілділік саясатының қолға алынғанын ескерген жөн болар ма еді.
Идея авторлары қазір Қазақстанда басталған жоба болашақта әлемге танымал болады деген сенімде. Оған мүмкіндігіміз мол, әрине. Себебі, соңғы кездегі қазақстандық IT жобалардың жайы көш ілгері түзеліп, ақпараттық-технологиялардың барынша күшейіп келе жатқаны сүйсінуге тұрарлық. Алайда, әттең, қазақстандық жобалардың көпшілігінің қазақша сөйлемейтіні қынжылтады.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан»

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38