киелі Түркістанда құрастырылды
Түркістан қаласында тұратын өнертапқыш Ферхад Чайыр күн сәулесінен қуат алатын көлік құрастырып шықты. Өнертапқыштың айтуынша, ерекше көлік ешбір жанар-жағармайды қажет етпейді. Сонымен қатар, шағын машина сағатына 130 шақырымды тоқтамастан жүре алады. Ферхад бұл инновациялық жобаны елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі үшін арнайы әзірлеген.
– Көшеде жүйткіген шағын көлік көпшілік назарын өзіне еріксіз аударады. Өйткені, айналасы тереземен қапталған машина күн көзімен қуат алатын қондырғы күшімен жүреді. Шағын болғандықтан, орнынан жылдам қозғалады. Сондықтан мұны кейбір темір тұлпарлар қуып жете алмайды, – дейді өнертапқыш. Сондай-ақ, ол: «Бұрын да машина жасадық. Бірақ мына автомобильдің технологиясын жақсы істедік. Тағы жаңадан құрастырсақ, ол бұдан да жақсы болады», – дейді.
Көліктің ішкі салонында салқындатқыш пен артқы жағын көрсетіп тұратын монитор орнатылған. Ал айналасына 8 бірдей күн көзінен қуат алатын қондырғы қойылған. Олар батареяны қуаттайды. Көлік сол тоқтың күшімен жүреді. Сондай-ақ, өнертапқыш машинаға қажетті қосалқы бөлшектерді Қытайдан алып келгенімен, өзі ықшамдап жасап алған.
– Табиғи экологиялық таза. 4 ай ішінде құрастырып шықтым. Бензин жемейді. Тек күннен қуат алады, – дейді өнертапқыш.
Айта кетейік, Ферхад Чайыр – Түркістандағы жоғары оқу орнында оқытушы. Сондықтан да күннен қуат алатын көлікті құрастыруға ұстаздың шәкірттері де көмектескен.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36