адалдықтың үлгісін көрсетті
Сайрам ауданындағы № 26 М.Қашқари атындағы мектептің атағы әп-сәтте аспандап шыға келді. Таңғалғандары да, тамсанғандары да жетерлік. Тіптен, өзге мектептің мұғалімдері өз оқушыларына М.Қашқари атындағы мектепті үлгі етіп, сол мектептің оқушыларындай адал болуға, тәрбиелі де, оқуда озат болуға шақырып жатты. Шалғайдағы мектептің бір сәтте бұлайша абыройлы бола қалуы күні кеше өткен сайлауда мектеп директорының басым дауыспен аудандық мәслихатқа депутат болып сайланғаны емес, дәл осы мектепте оқитын екі оқушының қомақты қаржы тауып алып, оны иелеріне қайтаруы болатын.
Сол күні мектептен қайтқан оқушылардың ойларында түк жоқ еді. Оқу үлгерімдері жақсы, тәртіптері үлгілі екі оқушы ертеңгі болатын сабақ барысы туралы ой бөлісіп келе жатқан. Кенет, жол жиегінде жатқан әмиянды байқап қалған олар ашып көргенде, өз көздеріне өздері сенбеді. Бір бума кілең 10 мыңдық теңгелерді көріп, абдырап қалғандары рас еді. Отыра қалып санады, тұп-тура 1 миллион 50 мың теңге! Тез шешім қабылданды. Қалайда қаржының иесін тауып, қайтару керек. Осы шешімге тоқталған оқушылар көп ұзамай-ақ жоқ іздеушіні тапты. Ол – белгілі кәсіпкер, ауыл азаматы екен. Кәсіпкердің айтуынша, қаржысын жоғалтқан күні Шымкенттен қажетті тауарлар алу үшін таңертең 1 миллион 50 мың теңге алып шығып, оны түсіріп алғанын байқамаған. Қаржысының жоқ екенін білгенде сан соғып, қайдан іздерін білмей тұрғанда... Жоғалтқаны алдынан шықты. Алғаш сенген жоқ, 2 оқушы жоғын қайтарғанда мұндай адалдықты тіптен ойламаған отағасы оқушыларды құшақтап, сүйе берсе керек.
Сайрам аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшылығы М.Қашқари атындағы мектептің оқушылары Тахиржан Урманов пен Әбдінәби Ахмедовті арнайы іздеп келіп, басқарманың Алғыс хатын табыс етті және мектеп әкімшілігіне оқушыларды адалдыққа тәрбиелегендері үшін алғыс айтты.
Ердәулет ТҰРАПБЕКҰЛЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сайрам ауданы

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36