Жетісу өңіріне гастрольдік сапарға шығады
Алдағы күндері Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры өзінің 90 жылдығы аясында гастрольдік сапармен Талдықорған және Текелі қалаларына аттанады. Алматы облысының орталығына атбасын тіреген бұл сапарда театр ұжымы Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасын сахналамақшы.
Әрбір қазақтың аузынан түспейтін жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндерді дүниеге әкелген Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен махаббаты жайлы сыр шертетін спектакльде өнер көрсететін актерлер мен қойылым тобын театрдың көркемдік жетекшісі, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов пен театр директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл бастап барады. Шәмші рөлін Бекжан Тұрыс ойнайды. Ал еріксіз биге жетелеп, махаббатпен тебірентер «Сыған серенадасының» дүниеге келуіне арқау болған Сыған қызы Изольда бейнесінде Шынар Жанысбекова өнер көрсетеді.
Сол сияқты Жетісу өңіріндегі көрермендер 21-22 сәуірде Барон рөліндегі Үсіпхан Сейтімбет, Баронесса рөліндегі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева, «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты Алмас Шаяхметов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Шәмшәгүл Меңдиярова, «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты Ләззат Қалдыбекова, ҚР «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты Жасұлан Байсалбеков, Наз Жекенова, Бауыржан Маңжігітов, Замира Сапар, Қайрат Нәбиолла, Абзалбек Асхатұлы, Арай Өмірова, Жәнел Мақажан, Нұрғиса Қуанышбайұлы, Әсем Әбенова секілді өнерпаздармен қауыша алады.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36