20 Сәуір, 2016

Ақтөбеде тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпиондары анықталды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20.04.2016 TAR-7 АСТАНА. 20 сәуір. Ақтөбеде тоғызқұмалақтан Қазақстанның ерлер арасындағы командалық чемпионаты өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оған еліміздің 9 облысы мен Астана қаласынан 10 команда қатысты. Чемпионатта 55 тоғызқұмалақшы бақ сынасты. Жарыс 5 тақта бойынша айналмалы жүйемен өткізілді. Чемпионатта бірінші орынды 33 ұпай жинаған Ақтөбе облысының командасы жеңіп алды. Екінші орынды 30 ұпай алған Павлодар облысының, үшінші орынды 29,5 ұпай алған Қызылорда облысының тоғызқұмалақшылары иеленді. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Мәдениет және спорт министрлігі.