АСТАНА. 20 сәуір. Осы күндері боксшылар Геннадий Головкин мен Доминик Уэйдтің кездесуіне болжам жасалып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Еліміздің және шетелдің бокс мамандары Головкин мен Уэйдтің арасында өтетін жекпе-жекте отандасымыздың жеңетін айтуда. Солардың бірі бокстан Олимпия ойындарының қола жүлдегері Серік Елеуов өзінің досы Головкиннің жеңетініне сенімді екенін айтты. «Мен Геннадиймен сөйлестім. Ол жекпе-жекке дайынмын деді. Оған Уэйдпен кездесуі туралы артық сұрақ қойған жоқпын. Меніңше, Геннадий 5 раундқа дейін мәселені шешеді. Кездесу 5 раундқа дейін аяқталуы мүмкін. Головкиннің соққыларына 12 раунд шыдай алатын боксшыны әлі көрген емеспін. Уэйдті аса мықты боксшы деп айта алмаймын», деді ол. Сонымен бірге Серік Елеуов «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан алдағы кездесуге сарапшы болуға шақырту алғанын, оған қуана келіскенін айтты.
Тағы бір айтатын нәрсе, "Қазақстан" РТРК көрермендер арасында Головкин мен Уэйдтің арасында өтетін жекпе-жекке арналған байқау жариялаған болатын. Оның шарты бойынша қатысушылар жекпе-жектің нәтижесін, яғни кімнің, қалай және қашан жеңіске жететінін болжам ретінде дұрыс айтуы керек. "Қазір көрермендер мен жанкүйерлер белсенді қатысып, өз жауаптарын жіберіп жатыр. Осы уақытқа дейін редакцияға барлығы 1329 болжам келіп түсті", деп хабарлады РТРК-ның баспасөз қызметі.
Байқау Головкин-Уэйд жекпе-жегі басталғанға дейін жалғасады. Жауаптарды мына http://vote.kaztrk.kz/boxing сілтеме арқылы өтіп, берулеріңізге болады. Жеңімпаз сол күні анықталады. Бағалы сыйлықты кездесу нәтижесін нақты анықтаған көрермен иеленеді.
Бұл жекпе-жекті «Қазақстан» телеарнасы 24 сәуір күні Астана уақытымен сағат 07.20-тан бастап тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, кездесу kaztrk.kz сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Кездесу 23 сәуір күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» аренасында өтеді.
Дастан Кенжалин.
Дерек: «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі.
Фото: egemen.kz
• 20 Сәуір, 2016
Геннадий Головкиннің алдағы кездесуіне болжам жасалып жатыр

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36