АСТАНА. 20 сәуір. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Дәубаба ауылында 56 жастағы әйел мен 7 жасар қыз жоғалып кетті. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға Дәубаба ауылында болған. Туыстарына қыдырып барған Әшіркүл Баймұратова кішкентай Инабат есімді сіңілісін ертіп, тауға қарай кештетіп серуендеп келуге шығып кеткен. Содан қайта оралмаған.
«Сол күні жауын жауып тұр еді», – дейді 7 жастағы қыздың нағашы әжесі Гүлжан Тұяқова. Оның айтуынша, Әшіркүл бөле cіңілісінің үйіне жиі қыдырып келіп тұрған. Тауға шыққанды жақсы көреді екен. Бұған дейін оны Дәубаба шатқалына жол білетін ересек азаматтар алып барып жүрген. Сол күні ешкімнің қолы бос болмаған соң кешкі 18.00 шамасында «жақын жерге барып келемі» деп 1-сыныпта оқитын Инабатты ертіп кеткен. Сондай-ақ, оның туыстары: «Ымырт иірілгенше күттік, бірақ содан қайта келмеді», – дейді.
Әзірге оларды көрген адам жоқ. Сол күннен бастап іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен полицейлер және ерікті ауыл азаматтары да жұмылдырылған. Тіпті иіс сезгіш ит пен арнайы техникалар пайдаланылуда.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: 24.kz.
• 20 Сәуір, 2016
Оңтүстік Қазақстанда 56 жастағы әйел мен 7 жасар қыз жоғалып кетті

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59