2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы
Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 70) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрдің міндетін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/144 бұйрығымен бекітілген
Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 70) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алу және тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстар үш айға дейінгі мерзімге уақытша әкелінген аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықта (бұдан әрі – қауымдастық) есепке алынуға және тіркелуге жатады.
2. Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды
жүргiзу және тiркеу тәртібі
3. Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды (бұдан әрі – аңшы жыртқыш құстар) есепке алу мен тіркеу жүргізуді қауымдастық жүзеге асырады.
4. Аңшы жыртқыш құсты есепке алу және тіркеу үшін:
1) аңшы жыртқыш құстың түрі, оның жынысы, туған жылы, қолда ұстаудың болжамды кезеңі, аңшы жыртқыш құстың сатып алынған жері және тәсілі, сақиналарының немесе микрочиптерінің болуы, өтініш берушінің паспорттың деректері мен мекенжайы көрсетілген, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;
2) аңшы жыртқыш құстың сатып алыну заңдылығын растайтын құжаттар (алуға рұқсаттың, сатып алу-сату шартының, түбіртектің және (немесе) төлем құжатының көшірмелері) және бұрынғы иесінің атына ресімделген аңшы жыртқыш құстың паспорты;
3) аңшы куәлігінің көшірмесі;
4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің*) көшірмесі.
Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
5. Шыққан жерінде тұратын аңшы жыртқыш құстардың паспорттарын ресімдеу дүниеге келген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін, бірақ олармен аң аулау басталудан кешіктірілмей жүргізіледі.
Паспорт аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан әрі – қауымдастық) дайындайтын аңшы жыртқыш құстардың тұрақты түрде қолда ұсталуының заңдылығы мен оның тіркелуін куәландыратын құжат.
6. Қауымдастық аңшы жыртқыш құстар түрінің (жынысының, жасының) сәйкестігін және олардың сипаттамасын, оларға салынған ендерді, аңшы жыртқыш құстарды бағып-күту жағдайының болуын тексереді. Аңшы жыртқыш құстар тұрақты түрде қолда ұстау үшін алынбайтын сақиналармен немесе микрочиптермен белгілейді.
7. Аңшы жыртқыш құсты тіркеу ол заңсыз олжаланған немесе заңсыз сатып алынған жағдайларда жүргізілмейді.
8. Аңшы жыртқыш құстың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген паспортын қауымдастық өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.
9. Әрбір аңшы жыртқыш құсқа, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы жыртқыш құсты есепке алу карточкасы толтырылады.
10. Аңшы жыртқыш құс пен оның иесі туралы мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы жыртқыш құстарды тіркеу журналына енгізіледі.
11. Тіркелген аңшы жыртқыш құс аңшылық үшін пайдаланылған жағдайда аңшы жыртқыш құстың түрі, алынбайтын сақинаның немесе микрочиптің нөмірі, паспортының нөмірі көрсетіліп, аңшы куәлігіне жазба жүзеге асырылады.
12. Аңшы жыртқыш құс иесінің тұрғылықты жері ауысқан немесе иесі ауысқан жағдайда оның иесі осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде мекенжайды өзгерту және (немесе) паспортты қайта ресімдеу үшін қауымдастыққа құжаттар береді.
Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Кімге _______________________________________
(қауымдастықтың толық атауы)
____________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты,
____________________________________________
әкесінің аты (бар кезде), ЖСН)
____________________________________________
(мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
Аңшы жыртқыш құстың паспортын ресімдеуге арналған өтініш
Аңшы жыртқыш құсының паспортын ресімдеуді сұраймын
Аңшы жыртқыш құстың түрі, жынысы, туған жылы ______________________
Ұстау мақсаты және орны ____________________________________________
Ие болу тәсілі ______________________________________________________
Алынбайтын сақиналары немесе микрочиптерінің болуы туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
20 __ жылғы _________ ________________________________
(өтінім берілген күн) (қолы, Т.А.Ә.,)
Мөр орны (бар кезде)
Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Аңшы жыртқыш құстың паспорты
(НӨМІР)
Түрдің атауы:
(қазақша) ________________________
(ғылыми) ________________________
Жынысы ______ Туған жылы ______
Сақинасы (алынбайтын) ___________
Микрочипі ______________________
Айырықша белгілері ______________
Аңшы жыртқыш кұстың шығу тегі
________________________________
Иесі ____________________________
Иесінің құжаты __________________
нөмірі _______ берілді ___________
Аңшы жыртқыш құстың тіркелу күні мен нөмірі
_____________________
«Аңшы жыртқыш құстың паспортын» берген ұйым
_________________
_____________________ (қолы)
(мөр орны) (НОМЕР)
Название вида:
(русское) ______________________
(научное) ______________________
Пол ____ Год рождения __________
Кольцо (несъемное) _____________
Микрочип _____________________
Особые приметы _______________
Происхождение птицы ___________
Владелец ______________________
Документ владельца _____________
номер _______ выдан ____________
Дата и номер регистрации ловчей хищной
птицы __________________
Организация, выдавшая «Паспорт ловчей
хищной птицы» _______________________
____________________________ (подпись)
(место печати)
(НОМЕР)
Name of species:
(English) _______________________
(scientific) ______________________
Sex _________ Birth date __________
Ring ________Microchip __________
Special marks ___________________
Origin of the bird ________________
Name of owner __________________
Document of owner _______________
number ________ issued ___________
Date of registration of the bird _______________________________
Authorized agency _______________
______________________ (signature)
(stamp)
Адрес Адрес Address
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
Паспорттың мұқабасы
ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫҢ ПАСПОРТЫ
ПАСПОРТ ЛОВЧЕЙ ХИЩНОЙ ПТИЦЫ
PASSPORT OF BIRD OF PREY
Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларына 3-қосымша
Нысан
№ _____________ АҢШЫ ЖЫРТҚЫШ ҚҰСТЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
КАРТОЧКАСЫ
Түрдің атауы _________________________________________________
(қазақша, орысша, ғылыми)
Жынысы ________________ Туған жылы _________________________
Сақинасы (алынбайтын) ________________________________________
Микрочипі ___________________________________________________
Айрықша белгілері ____________________________________________
Аңшы жыртқыш құстың шығу тегі _______________________________
Аңшы жыртқыш кұс алынған рұқсаттың нөмірі ____________________
Иесі ________________________________________________________
Иесінің құжаты _______________________________________________
нөмірі ________________ берілді ______________________________
Иесінің мекенжайы ____________________________________________
Аңшы жыртқыш құстың тіркелу күні мен нөмірі ____________\_________
Аңшы жыртқыш құстың паспорттың нөмірі _________________________
Паспортты алдым. Иесі _________________________________________
(қолы)
Карточканы толтырған адамның қолы ______________________________
Аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Аңшы жыртқыш құстарды тіркеу журналы
Жазба нөмірі Аңшы жыртқыш құстарды есепке алу карточкасының нөмірі Аңшы жыртқыш құс паспортының нөмірі Құстың түрі Сақина, микрочип нөмірі Иесі (аты, әкесінің аты (бар кезде) немесе заңды тұлғаның атауы) Иесінің мекен-жайы Тіркелген күні
1 2 3 4 5 6 7 8
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 9 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10651 болып енгізілді.