21 Сәуір, 2016

Президент балалардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі заңға қол қойды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-04-2016AkordaАСТАНА. 21 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. «Мемлекет басшысы балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.kz.