22 Сәуір, 2016

Бұл – ортақ іске қосылған үлес

410 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
«30-жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық құрбандары» Республикалық деректер базасының және www.asharshylyq.kz  сайтының тұсаукесері өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің архиві еліміздегі Ұлттық мұрағат қорының құжат­тарын дәріптеу жұмыстарын белсенді атқаруда. Бүгінде осы мақсатқа қол жеткізу үшін заманауи әдістер мен шешімдер пайдаланылуда, олардың ішінде ең тиімдісі – мұрағат құжаттарын ғаламтор арқылы насихаттау. Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Архивінің www.archive.president.kz  доменімен тіркелген жеке ресми сайты бар. Бұл сайт өте танымал. Жыл са­йын сайтқа 500 мыңнан астам адам кіреді. Мұрағаттың өте ірі жобаларын көпшілікке қолжетімді етудің арқасында осындай үлкен көрсеткішке ие болып отырмыз. 2015 жылдың мамыр айында біз «Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақстандық әскери тұтқындар» республикалық базалар деректерімен www.tutkyn.kz сайтын аштық. Деректер базасын толтыруға барлық аймақтық  мұрағаттар, ведомстволық мұрағаттар (ҚР ІІМ және ҚР ҚМ), шетелдік мұрағаттар, Қазақстанның Германиядағы елшілігі және зерттеушілер қатысты. Аталған сайт іске қо­сылған бір жылдың ішінде біз 34 мың қазақстандық әскери тұт­қындардың аты-жөнін жинап, бір жүйеге енгіздік. Жоба көпшілік пен бұқаралық ақпарат құралдары арасында үлкен резонанс туғызды. Содан бері «Кері байланыс» айдары арқылы біз қазақстандықтардан көптеген хаттар алып тұрамыз. Бүгінде біз осындай жобаларды іске асыру бойынша үлкен тәжі­ри­беге иеміз деп сенімді түрде айта аламыз. Архивтің 2016 жылғы жоспарында «Кеңестік Қазақстанның номенклатуралық кадрлары» атты электронды анықтамасының бірінші бөлімін ашу тұр, оның ішінде 1919-1936 жылдардағы еліміздегі номенклатуралық қызметкерлердің 2700 адамнан тұратын өмірбаяндық анықтамасы болады. Бүгінде «30-жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық» жобасының аясында Қазақстан Республикасы Президентінің архиві сәйкес деректер базасы бар www.asharshylyq.kz  жаңа сайтын іске қосты. Бұл базаның басты мақсаты қазақ халқының тарихи мұрасын жаңарту болып табылады. База көпшілікке арналып жасалған, сол себепті оны толтыруға ашар­шылық жылдары Қазақстан аумағында нәубетке ұшыраған адамдар туралы қандай да бір мәліметі бар кәмелет жасына толған кез келген азамат қатыса алады. www.asharshylyq.kz сайтының «Ашаршылық құрбандары» деректер базасында ақпаратты базалар деректемесіне мәліметтерді енгізу үшін сайтта көрсетілген нысан бойынша толтыруға болады. Базада жеке басы, оның ұл­ты, қай рудан шыққаны, туған күні мен қайтыс болған күні, туған жері, ашаршылық салдары және оның ауырлық деңгейі жазылады. Егер ашаршылық салдарынан қоныс аударса, онда базада көшіп жүрген жылдары мен жерлері қосымша көрсетіледі. Сонымен бірге, базада берілген ақпарат көзі көрсетіледі. Ақпарат көзі ретінде жеке тұлғалардан басқа мемлекеттік мұрағаттар, ведомстволық мұ­рағаттар, сонымен қатар кітаптар мен жинақтар да бола алады. Бүгінгі күні база сол нәу­бет жылдарындағы жаппай ашар­шылық құрбандарының жа­қын­­дары мен туыстарын тол­ғандырған оқиғалар туралы отба­сылық тарих негізінде мұрағат қыз­меткерлерімен толтырылған мәліметтерге ие. Жасалып отырған деректер базасы – 30-жылдардағы ашар­шы­лық құрбандарына деген құрмет. Сайтты толтыруға қатыс­қан әрқайсымыз ұлттық есте­лік­терімізді жаңарту бойынша ортақ іске өз үлесімізді қо­самыз. Деректердің бірегей банкі Қазақстанның жаңа тарихының трагедиялық беттерін ашу кезінде мамандардың келешектегі зерт­теулеріне мықты деректеме­тану базасы болары сөзсіз. Сол себепті біз көпшілікті, мұ­рағат­тық мекемелерді, зерттеу орталықтарын, сонымен бірге тарихшылар мен еліміздің ғы­лымдарын осы жалпы жұмысқа қатысуға шақырамыз. Бахытхан ШАЙЛАЗЫМОВ, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің мұрағаттық технологиялар басқармасының басшысы  АСТАНА