Кемеңгерлер ұстанатын жол
Нұрсұлтан Назарбаевтың соғыс проблемасы туралы манифесі бүкіл адамзат үшін үлгі болып табылады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті байсалды, батыл және объективті түрде қазіргі заманғы проблемалар мәнін түсіндіріп берді. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта өркениетті даму үшін шексіз мүмкіндіктердің бар екенін және сонымен бірге, озық технологиялардың дамуына байланысты қатерлер мен тәуекелдердің де ұлғайып отырғанын атап көрсетті. Адамзат үшін ең үлкен қатер – соғыс проблемасы. Президент қазіргі заманғы ахуалға сипаттама берді және алдағы бес қадамды айқындады. Бірінші қадам дәл қазіргі кезде аса маңызды болып табылады, ол – жаппай қырып-жоятын қаруларды қысқарту. Нұрсұлтан Назарбаев манифесте ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарттың қазіргі уақытта өз мақсатын орындамай отырғанына назар аударды. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт (ЯҚТШ) бар болғаны ядролық қару проблемасын шешудегі ішінара және жетілмеген шара болып табылады. 1945 жылы ядролық қару ойлап табылғаннан кейін бүкіл кемеңгер көшбасшылардың мақсаты жаппай қырып-жоятын қаруды толық және түбегейлі жою болды. Америкалық президент Дуайт Дэвид Эйзенхауэрдің «Атом бейбітшілік үшін» тұжырымдамасының негізгі идеясы бір мезгілде ядролық қаруды таратуды тежей отырып, бүкіл елдерге ядролық ғылымды дамыту нәтижелерін ұсынуға келіп тірелді. 1950 жылдың желтоқсанында БҰҰ-да өз жоспарын жариялай отырып, Эйзенхауэр ядролық ғылымды ғылыми және қару-жарақтық тұрғыда пайдалану арасына нақты шектеу қойды. Ол ядролық қаруларға табандылықпен бақылау жасай отырып, сонымен бірге, ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге және сауданы дамытуға мүдделі болды. Эйзенхауэр БҰҰ бақылау жөнінен халықаралық агенттік құрып, ол тиісті жағдайларда, уақыты келгенде ыдырағыш материалдарды реттеу жөнінен өкілеттікке ие болады деп ойлады және көп ұзамай, 1957 жылы осындай агенттік – МАГАТЭ құрылды. Ядролық қаруды атмосферада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салу туралы шартқа 1963 жылдың тамызында қол қойылды. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт 1970 жылдың наурызында күшіне енді. «Ұлы ядролық державаларға» ядролық қаруды таратуды тоқтатудың ғана сәті түсіп, ядролық қаруды жоюда табысқа жетудің орайы келмегендіктен, былайғы елдер «ядросыз аймақтар» туралы келісімшарттар қалыптастырып, жасай бастады. Ол шарттар ядролық жарылыс құрылғылары мен технологияларын алуға, әзірлеуге, өндіруге, ие болуға, қорландыруға және оны кеңінен қолдануға тыйым салу аймақтарын құрады. Бұл аймақтардың тек жер төңірегіндегі кеңістік пен әуе қатынастарына ғана заңдық ықпал ету күші бар, ол «ашық теңіз» доктринасына жататын теңіз қатынастарына ықпал ете алмайды. Ол аймақтардың қатарында Африка (Пелиндаба шарты), Латын Америкасы мен Кариб бассейні мемлекеттері (Тлателолько шарты), Тынық мұхитының оңтүстік бөлігі (Раротонго шарты), Оңтүстік-Шығыс Азия (Бангкок шарты), Антарктида (Антарктида шарты) және Орталық Азия ядросыз аймағы (ОАЯА) бар. Жер шарының бүкіл оңтүстік бөлігі осындай ядросыз аймақтармен жабылған. Қазақстан аумағында МАГАТЭ-нің қолдауымен Төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды, ол атом энергетикасын дамытуды қарастырады. Мұның өзі елдер арасында сенім орнатуда маңызды қадам болып табылады. Қазақстан өзінің ядролық қарудан ада, бейбітшілікке адал ұстанымын бүкіл әлемге паш ете отырып, өзін ядролық ғылымның артықшылығын ілгерілетудегі алғашқы әлемдік көшбасшылар ретінде көрсете білді. Бүкіл елдер, үлкені де, кішісі де, жасы да, кәрісі де, байы да, кедейі де Қазақстаннан үлгі алуы тиіс. Грегори ГЛИСОН, профессор-эмеритус, Нью-Мексико университеті (АҚШ)Келіссөздер ғана кемел болашаққа бастайды
Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі бүкіл әлемде кең ауқымды қызығушылық туғызды, ол туралы біздің Канадада да біледі. Онда елдер арасындағы сенім тапшылығы артуының көкейкесті проблемалары көтерілген. Ал ол қауіпсіздіктің жаһандық мәселелері бойынша бәтуаға келуде, соғыстар мен дау-жанжалдардың алдын алу жөнінен ұлттардың келісілген іс-қимылдар қабылдауында өзінің теріс ықпалын тигізеді. Адамзат тарихында болған соншалық ауыр қайғы-қасіреттерден кейін халықаралық қауымдастық жаңа қателікке деген өз құқығын тауысқан, өйткені оның «бағасы» ХХ ғасырда орасан зор шығындармен – ондаған миллион адамдардың өмірімен өтелген болатын. Әрбір жаңа соғыс барған сайын анағұрлым технологиялық, ажал сепкіш және қиратқыш сипатқа ие бола түсуде. Тіпті, сан мыңдаған құрбандықтарға соқтырған Екінші дүниежүзілік соғыс зардаптарының өзі де өз ауқымы жағынан ядролық державалар тартылатын жаһандық жаңа ессіздікпен теңесе алмайды. ХХІ ғасырдағы соғыс біздің планетамыздағы ең соңғы соғыс болып, адамзатты түр ретінде жойып жіберуі мүмкін. Оқиғалардың мұндай дамуына жол беруге болмайды. Манифест қазіргі заманғы әлем қауіпсіздігіне төніп тұрған қатердің өсе түсіп отырғанын көрсетеді. Мен онда келтірілген алаңдаушылықты, жаһандық қауіпсіздікті нығайту, ядролық қарусыздану мәселелері бойынша ынтымақтастық, ыстық нүктелерде бейбітшілік орнату және басқа да сын-қатерлерге қатысты үнқатуларға шақыруды толық қолдаймын. Бейбітшілік мәселелері бойынша прогреске тек келіссөздер үстелі арқылы ғана қол жеткізу қажет. Міне, осы жағынан келгенде де Қазақстан Президентінің мәмілегерлік бастамалары халықаралық қоғамдастық тарапынан кең қолдау табуға лайық. Ирина ХВАН, Imaging Dynamics Co Ltd компаниясының еңбек ресурстары бойынша менеджері (HR manager-Канада)Қолдауға лайық бастама
Қазіргі уақытта мен Германия азаматы болып табылсам да, осы Жақсы ауданының кең даласында туып-өстім, мектеп пен институт бітірдім, адам ретінде қалыптастым, сондықтан Қазақстанға қатысты дегендердің бәрін өзіме жақын санаймын. Бұл жердегінің бәрі маған туғандай көрінеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда жария еткен «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесімен мен үлкен қызығушылықпен танысып шықтым. Біздің планетамыздың барлық тұрғындарына зардабы тиюі мүмкін ең бір қатерлі апатқа жол бермеуге бағытталған бастамаларды бүкіл жүрегіммен және жан дүниеммен қолдаймын. Ал оған бүгінде ядролық апат қаупінің төніп тұрғаны шындық. Оған кез келген әскери дау-жанжалдың, мемлекеттер мүдделері қақтығысының немесе этносаралық және дінаралық негіздегі қандай да бір шиеленістердің апарып соғуы әбден мүмкін. Олардың бәрінің адамзат жүзжылдық бойына жинақтаған орасан зор ядролық, бактериологиялық немесе химиялық арсеналды қолдана отырып, үрейлі соғысқа ұласып кету қаупі зор. Оған жол бермеу үшін Президент өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдарында бүкіл әлем қауіпті шекке барып тірелген тарихты еске түсіруді ұсынады. Бүгінде ядролық күштер арсеналы мен оны қажетті жеріне жеткізу құралдары бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жетілген. Олай болса, оның ықтимал деген зардаптарының да күтпеген жерден болуы әбден мүмкін. Соған байланысты Қазақстан басшысы өз манифесінде болашақтағы ядролық соғыста жеңімпаздың да, жеңілгендердің де болмайтынын барынша шынайы түрде атап көрсетеді. Қазақстан Президенті таңғаларлық деректер келтіреді. ХХІ ғасырға бүкіл адамзат жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде сенім артты. Бірақ оның бүгінде елеске ұқсас сағым болып шығуы да ғажап емес. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын бағаламау қателік болар еді. Ол – жаһандық соғыс қатері. Жер бетіндегі өркениет, ғалымдардың санауынша, 15 мыңнан астам соғысты бастан өткерген. Бұл дегеніңіз, бір жылға үш соғыстан келеді деген сөз. Оларда жүздеген миллион адамдар қаза тапты, қалалар мен елдер жер бетінен жойылып кетті, мәдениеттер мен өркениеттерге орны толмас нұқсан келтірілді. Бүгінде әлемде құрамына көптеген мемлекеттер кіретін әскери блоктарға қарсы бірлескен іс-қимыл көрсете отырып бейбітшілікті нығайту ісіне өздерінің орасан зор үлестерін қоса алатын түрлі халықаралық ұйымдар бар. Нұрсұлтан Назарбаев Жер шарының түрлі түкпірлерінде құрылған ядролық қарусыз аймақтарды оған мысал ретінде келтіреді. Дәл осындай күштерге арқа сүйей отырып, қандай да бір жаппай қырып-жоятын қаруды пайдалану мүмкін болмау үшін ортақ тіл табысу жолында қолдан келгеннің бәрін де жасау қажет. Ол үшін оқдәрі салынған бөшке жанында тұтатылған сіріңкедей рөл атқаруы мүмкін ықтимал деген қарулы қақтығыстар мен дау-жанжалдардың алдын алу аса маңызды. Юрий БЕР, «ТНК» агрофирмасы бас директорының орынбасары (Германия) Ақмола облысы, Жақсы ауданыАдал ынтымақтастыққа негіз
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі халықаралық қатынастарды тұрақтандыруға бағытталған маңызды әрі жаһандық бастамалардан тұрады және халықаралық саудада әділ ынтымақтастық болуы үшін негіз ұсынады. Оның сыртында аталған үндеуде әскери дау-жанжалдардың пайда болуының бастапқы себептеріне стратегиялық талдаулар жасалып, оларды бейбіт реттеу және ядролық қарудан ада әлем құру бойынша нақты қадамдар ұсынылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау қағидаттарға деген адалдығы жоғары дәрежелі сенімге ие, өйткені, Президент Семей ядролық полигонын жабу туралы тағдыршешті шешім қабылдап, ядролық қарудың аса ірі арсеналынан ерікті түрде бас тартты. Ал оның өзі Қазақстанның өңірде қуатты және құрметті мемлекет ретінде қалыптасуына жағдай жасады. Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесте айтылған Жаһандық стратегиялық бастама-2045 Жоспарының бүкіл әлем қоғамдастығы тарапынан қолдау табуы тиіс маңызды «жол картасы» болып табылатынына сенімдімін. Өйткені, ол соғыс пен терроризмге қарсы тұруда бірден-бір шынайы құрал болып табылады. Халед АБОУ ЗАХР, Eurabia Media медиялық компаниясының бас директоры, Amwal («Қаржылар»)арабаралық журналының бас редакторыБұл – қауіпсіз өмірге нұсқалған жол
Вашингтонның Колумбия округінде Ядролық қауіпсіздік жөнінде 2016 жылдың 31 наурызында өткен саммит кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Біздер, әлем халықтары қазіргі кезеңде көп кездесетін қауіп-қатерлер мен дүниежүзінде болып жатқан түрлі жағымсыз оқиғалар туралы көп еститін болдық. Менің өзім америкалық ретінде Қазақстан Президентінің түрлі бағыттардағы бастамаларына, оның ішінде жаһандық қауіпсіздік саласындағы бастамаларына ылғи да қуана қол соғамын. Әлем елдерінің әр басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сияқты көзқарас ұстанса, бүгінде жаһанда бейбіт өмір қалыптасар еді. Ал бүгінде «қырғи-қабақ соғыс» саясатын ұстанатындардың салдарынан дүниежүзі ұстараның жүзінде тұрғандай күй кешесің. Сондай-ақ, оның үстіне, ядролық қаруды террористік ұйымдардың меңгеруі, террористерді өздеріне тарту уақыт өте келе көбейе түсетін сыңайлы. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонда жариялаған манифесі әлемді сақтап қалудың ең қажетті қадамдарын нұсқауымен құнды. Өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» бағдарламалық құжатында бейбіт қатар өмір сүру үлгісі ретінде соғысты ығыстырып шығару жайлы мәселе қозғалады. Сонымен қатар, «жаңа әлемдік ортада қарусызданудың халықаралық саясатын қалыптастыру қажеттігі атап көрсетіледі. Егер әлем елдері ұжымдасып, осы мақсатқа жету үшін бірлесе жұмыс істесе, онда біз бен біздің ұрпақтарымыз қауіпсіз өмір сүретін жаһандық орта қалыптасатынына еш күмән жоқ. Джеймс Энтони ЗОКА, Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі химия пәнінің мұғалімі (АҚШ) Алматы облысыТөнген қауіпке уақтылы жауап
Өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде ел Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі адамзат өркениетінің барлық проблемалық мәселелерін жайып салады. Осы орайда, Мемлекет басшысы барлық саяси және экономикалық мәселелерді тек бейбіт үнқатысу жолымен шешу қажеттігін атап көрсетті. Мемлекет басшысының әлемдік қоғамдастыққа жаңа бастамамен шығуы бүгінде жаһан алдында тұрған адамзат өркениетіне төнген қауіпке уақтылы жауап. Президент проблемаларды өзара түсіністік пен ашық үнқатысуға негізделген бағытта реттеу ісін жақтайтынын тағы бір мәрте көрсетіп берді. Мемлекет басшысы Қазақстанның бағдарламалық құжатта мазмұндалған барлық бейбіт бастамаларын жүзеге асыру үшін әлемдік көшбасшылардың саяси ерік-жігері мен барлық ізгі ниетті адамдардың жұдырықтай жұмылуы қажет екенін атап көрсетті. Бүкіл адамзат үшін тағдыршешті осы бағдарламалық құжат аса жоғары деңгейде лайықты бағаланып отыр және БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің шын мәнінде ресми құжаты ретінде мойындалды. «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатыБейбітшіліктің баянды болуына үндейді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – бұл саяси жағынан салмақталған бағдарламалық құжат және халықаралық қоғамдастықтағы қарама-қайшылықтарды еңсеру мен бүкіл адамзаттың тіршілігіне қатердің алдын алу бойынша нақты іс-қимыл бағдарламасы. Мемлекет басшысы БҰҰ-ға мүше барлық елдер көшбасшылары үшін халықаралық құқық негізінде шешу қажет болып табылатын маңызды проблемаларды белгілеп берді. Бейбіт үнқатысу мен өзара тиімді ынтымақтастық халықаралық қатынастардағы негізгі бағдарлар болуы тиіс. Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, әлемдік державалардың қазіргі кездегі ядролық әлеуеті мен саяси санкциялары және бірқатар елдерді оқшаулау, халықаралық терроризм мен әділетсіз жаһандық бәсекелестік – міне, осының бәрі бүкіл әлемдегі тұрақсыздық пен әскери қауіп-қатердің басты факторлары. Біздің еліміздің Президенті баршаны ХХІ ғасырда бейбітшілік үшін күресуге шақырды. Біз өзіміздің ұрпақтарымыздың алдында бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін жауаптымыз. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысыАдамзат үшін маңызы зор бастама
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – бұл бүкіл адамзат үшін тарихи тұрғыдан маңызды да тағдыршешті бағдарламалық құжат. Мемлекет басшысы жаһандық дамудың заманауи үрдістеріне өзінің көзқарасын дер кезінде көлденең тартып отыр және дүниежүзінде адамзаттың болашағы үшін ауқымды қауіп-қатер орын алып отырғаны жасырын емес. Қазақстан Президенті ғылым мен технологияларда өркениет прогресі бар екенін көлденең тарта отырып, соғыс вирусын түбірімен жоюдың, сонымен бір мезгілде, терроризмнің алдын алып қана қоймай, әлем мемлекеттерінің әділетті экономикалық дамуының жаңа қағидаттарын енгізу қажеттігін атап көрсетті. Экономикалық өзара іс-қимыл саласындағы соңғы оқиғаларға қарай, халықаралық деңгейдегі жанжалдар мен терроризмнің салдарына алаңдай отырып, әлем жоғары деңгейде қабылданатын нақты шаралар негізіндегі бейбіт үнқатысулар арқылы ғана өмір сүруге болатынына көздері жетті. Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте сөйлеген сөзінде жаһандық міндеттерді шешуде салмақты қадамдар қабылдау қажеттігін жауапкершілікпен ұсынды. Және де манифестің БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты ретінде танылуы Президенттің және, тұтастай алғанда, Қазақстанның халықаралық беделін кезекті мәрте көтерді. Қазақстан Іскер әйелдерінің қауымдастығыӘлем қолдаған құжат
Бүкіл әлемдік қоғамдастық әркезде де Мемлекет басшысының әлемдік ауқымдағы көшбасшы ретіндегі жоғары беделі мен саяси кемеңгерлігін мойындап келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде жаңа әлемдік тәртіп парадигмасы ядролық қарулануды, мәселелерді күштік тәсілмен шешуді және экономикалық мәселелердегі, халықаралық сауда дамуындағы және қаржы ресурстарына қолжетімділіктегі теңсіздіктерді теріске шығарады. Біздің еліміздің Президенті Қазақстанның орнықты әлем аймағын қалыптастырудағы үлесін атап көрсетті, оның қатарына Орталық-Азиялық ядросыз аймағы кіреді. Оның сыртында Мемлекет басшысының бастамасымен құрлықтық деңгейде орнықты әлем орнатуға деген ұмтылысты айғақтайтын Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылды, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақырылды. Құрылуына халықаралық құқықтық құралдарды қолдана отырып, БҰҰ-ның бүкіл мүшелері жағдай жасауы тиіс Бейбітшілік ареалдары өңірлер мен бүкіл әлемнің бейбіт дамуы үшін жағдай туғызуды қарастырады. Халықаралық қатынастарды одан әрі дамыту саласындағы бүкіл инновациялық идеялардың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен және Қауіпсіздік Кеңесімен қабылдануы және манифестің осынау маңызды ұйымның ресми құжаты ретінде танылуы өте маңызды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық КонсерваториясыНегіз қалаушы фактор
Біз әрбір қазақстандықтың еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми құжаты ретінде мойындауын мақтанышпен қабылдағанына сенімдіміз. Манифесте Мемлекет басшысы қазіргі заманғы әлемнің халықаралық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша нақты «қайта жүктеуді» қажет ететінін көрсетіп берді. Экономикалық және саяси санкциялардың қазіргі замандағы саясаты, проблемалар мен қарама-қайшылықтарды күш қолдана отырып шешу – ол жеңімпаздар болмайтын жаққа бастайтын жол. Елбасы ұсынған қазіргі заманғы проблемаларды шешудің бес бағыты, олардың қатарында ядролық қарудан толық арылу, «қырғи-қабақ соғыс» рудименті – әскери блоктарды еңсеру және жаһандық бәсекелестіктің жаңа әділетті парагдимасын құру сияқты аса маңызды міндеттер шиеленістің бәсеңсуіне, бейбітшіліктің нығаюы мен өзара тиімді ынтымақтастыққа жағдай жасайтын болады. Қазақстан Президентінің саяси кемеңгерлігі мен ерік-жігері әлемдік қоғамдастық көшбасшылары деңгейінде танылды және бүкіл адамзаттың одан әрі өркениетті дамуы жолында негіз қалаушы фактор болып табылады. «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясыТыныштықтың арқаулық құндылықтары
Біз Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін бүгінде бүкіләлемдік қоғамдастықтың зор серпіліспен қабылдағанын зор мақтаныш сезімімен атап өтеміз. БҰҰ көшбасшылары да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт бастамаларын жоғары бағалап, манифесті БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты, нақты істердің жоспары ретінде бекітті. Нұрсұлтан Әбішұлы манифесте адам баласының ақыл-ой саласында айтарлықтай табыстарға жеткенін атап өте отырып, бүкіл адамзаттың қазіргі заманғы дамуының көкейкесті мәселелерін нақты белгілеп берді. Оның үстіне, ол әлемдік өркениеттің болашақ табысты дамуының негіз қалаушы қағидаттарын айқындады. Қару-жарақсыз әлем, бейбіт үнқатысу мен барлық саяси ойыншылардың әділетті экономикалық мүмкіндігі – мемлекеттердің прогресі мен өзара тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ететін арқаулық құндылықтар, міне, осылар. Бүгінде болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі жолында белсенді іс-шаралар қабылдап, жаһандық қауіп-қатерлерді тоқтату ерекше маңызды. Жер шарының әр тұрғыны оның болашағы үшін жауапкершілікті тереңнен сезінуі тиіс. Жастардың «Жасыл ел» республикалық еңбек жасақтарының штабыНақты стратегиялық жоспар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – ол бүкіл адамзаттың прогресшіл күштеріне бейбітшілік, біздің өркениетіміздің дамуы мен өркендеуі жолында нақты іс-қимылдарға кірісуге шақырған қуатты үндеу. Жаһандық кеңістікте үстемдік құруға деген талпыныс кей кездері қолда бар ресурстарды ойсыз талан-таражға салуға, әлемдік қауіпсіздіктің төмендеуіне және ажал себетін қарулардың таралуына апарып соқтырады. Әлемдік көшбасшыларға прогресшіл бастамаларымен үн қата отырып, Мемлекет басшысы оларды болашақ ұрпақ үшін адамзат өркениетін сақтауды нақты істермен және шешімдермен қамтамасыз етуге шақырды. Мемлекет басшысының манифесі – ол соңғы жылдары әлемде болып жатқан маңызды оқиғалар мен шешімдерге қатысты тек бағалау мен талдау ғана емес, сонымен бірге, әлемдегі жаһандық қауіпсіздік үшін күресте бүкіл ұлттардың келісілген күш-жігерлерінің нақтылы стратегиялық жоспары екенін де атап өту керек. Біздің қоғамдық бірлестік Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған әлем құрылысының жаңа тұжырымдамасы бүкіл әлемдік кеңістікте бейбітшілік пен прогреске қол жеткізуде ықпалды нұсқаулық болады деген сенім білдіреді. «Астана-Бәйтерек» әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігіЕл беделін асқақтата түсті
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – ол бүкіл адамзат үшін тарихи маңызды және тағдыршешті құжат. Мемлекет басшысы болашақ адамзат үшін ауқымды қауіп-қатерлер орын алып отырған жаһандық дамудың қазіргі тенденцияларына өз көзқарасын білдірді. Ғылым мен технологиялардағы өркениет прогресімен қатар, ол соғыс вирусын жою, терроризмнің алдын алу және әлем мемлекеттерінің әділ экономикалық дамуының жаңа қағидаттарын енгізу қажеттігін атап көрсетті. Экономикалық өзара іс-қимылдар саласындағы соңғы оқиғаларды қадағалай отырып, халықаралық деңгейдегі дау-жанжалдар мен терроризм зардаптарын бастан өткере отырып, әлем тек үнқатысу, жоғары деңгейде нақты шаралар қабылдау негізінде ғана аман қалуға болатынына көз жеткізді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ммитте сөйлеген сөзінде жаһандық міндеттерді шешу бойынша безбенделген қадамдар жасау қажеттігін жауапкершілікпен ұсынды және манифестің БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты ретінде танылуы Президенттің және бүтіндей алғанда Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беделін тағы да асқақтата түсті. Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясы