26 Сәуір, 2016

Аймақтық семинарға қатысты

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
СЕНАТ үлкенСенатор Серік Біләлов Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің парламенттеріне арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық семинарға қатысты. Парламентаралық Одақпен бірлесе отырып, Румыния Парламенті ұйымдастырған шара Бухаресте өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Семинарға Орталық және Шығыс Еуропа елдері пар­ламенттерінің депутаттары мен аппарат қызметкерлері, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Семинар барысында 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ-да қабылданған және 2016-2030 жылдары іске асыру ұсынылған Орнықты дамудың 17-ші мақсаттарына қол жет­кізу, сондай-ақ, оны шешуге парламенттерді белсенді қатыстыру мәселелері тал­қыланды. Сенат депутаты С.Біләлов осы сала бойынша біздің еліміздің тәжірибесімен таныс­тырды. Сенатор өз сөзінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру барысы, Парламенттің заң шығару қызметі туралы айтып, семинарға қатысушыларды ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды. Шара аясында С.Біләлов Румыния Сенатының төр­а­ға­сы Й.Келарумен, Румы­ния Де­путаттар палатасы төр­­ағасының орынбасары К.Йордакемен және Депутаттар палатасындағы Румыния-Қа­зақстан достық то­бының же­текшісі К.Алексемен кездесті.