Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Баранимен кездесті. Кездесу барысында екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы әңгіме болды.
Өңір басшысы әзірге екі арадағы сауда-экономикалық байланыстардың кемшіндігін, облыс пен Венгрия арасындағы
тауар айналымы небәрі 10 миллион долларды ғана құрайтынын атап өтті. Болашаққа жоспарланған ізденісті қадамдар жүзеге асса, бұл бағытта анағұрлым ілгерілеу болатынын жеткізді. Оған Ақтөбеде ашылған Венгрияның консулдығының ықпалы зор болатынын тілге тиек етті. Аймақ басшысы қазақтар мен мажарлардың арасында ежелден тарихи және мәдени байланыстың қалыптасқанын да жиналғандар жадында жаңғыртты.
Тоғыз жолдың торабында орналасқан облыс шетелдік инвесторлар үшін тартымды өңір екенін айта келіп, елшілік өкілдеріне осындай артықшылықтарды тиімді пайдалану жолдарын тарқата баяндады, екі елдің арасында өзара экономикалық байланыстың нығая беретініне сенім білдірді. Облыстың іскерлік ізденістер бойынша елімізде Астанадан кейінгі екінші орында тұрғанын баяндады. Облыс экономикасының негізін мұнай-газ саласы құрағанымен, өңірде жерасты қазба байлықтарының басқа да түрлері мол екенінен хабардар етті.
Жиын барысында жылыжай құрылысы, ауыз суды тазарту, көкөніс өңдеу өндірісі, сүт және сүт өнімдері мен бидайды қайта өңдеу бағытындағы жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндігі мол екені айтылды.
Кездесуде сөз алған А.Барани екі елдің арасында саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салада бірқатар жобалар қолға алынып жатқанын атап өтті. Соның шынайы көрінісі ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына тікелей инвестиция тартумен шұғылданатын бірлескен қордың құрылуын көлденең тартты. Аталған қорға «ҚазАгро» ұлттық компаниясы мен Венгрияның «Эксимбанкі» 20 миллион доллардан – жалпы 40 миллион доллар салғанын жеткізді.
Венгрия – облыста өз консулдығын ашқан екінші еуропалық ел. Қаңтар айында біздің өңірге осындай миссиямен чехтар келген болатын. Сондай-ақ, Ақтөбеде Түркия және Оңтүстік Корея өз өкілдіктерін ашуды жоспарлап отыр.
Сонымен Венгрияның Қазақстандағы құрметті консулы болып KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов тағайындалды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше