26 Сәуір, 2016

Ақтөбеде Елек өзеніне жас шабақтар жіберілді

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.04.2016 OQO-5 АҚТӨБЕ. 26 сәуір. «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты табиғат қорғау шараларына баса маңыз береді. Былтырдан бері кәсіпорын өзен – көлдерді балықтандыруға атсалысуда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл бастаманы бұдан былай жыл сайын жалғастыру көзделуде. Биыл да кәсіпорын жылдағы дәстүр бойынша Ақтөбе қаласының іргесіндегі Елек өзеніне тез көбейетін 46 290  бір жылдық  ұсақ тұқы шабақтарын жіберді.Осы  игілікті іс-шараны  ойдағыдай жүзеге асыруға   3,5 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Зауыттың энергетикалық қамтамасыз ету басқармасы бастығының жылу- энергетика жөніндегі орынбасары Өсербай Қайнекеевтің айтуынша, өзен - көлдерді балықтандыру шарасына металлургтер де өз үлестерін қосып, осымен  екінші рет қатысып отыр екен.  Былтыр Елек өзеніне тез өсетін 50 мың тұқы балықтарын жіберсе, биыл да бұл бастама  жалғасын тауып   ұсақ шабақтар «Ардағым» шаруа қожалығынан алынып өзенге жіберілген. Бұл кәсіпорын қоршаған ортаны қорғау бағытында зауыттағы газдан тазарту сүзгілерін ауыстыру, өндіріс аймағына ағаш отырғызу, көгалдандыру, абаттандыру, экологиялық айлықтар өткізу, сенбіліктер ұйымдастыру сияқты шараларды тұрақты өткізіп отырады.  Ағымдағы жылы зауыттың қоршаған ортаны қорғау басқармасының жұмыс жоспарында экологиялық шараларды жүзеге асыруға 1782 674 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, фото: egemen.kz 26.04.2016 OQO-6