«ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» МАНИФЕСІ.
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде БҰҰ Өркениеттер альянсі VII жаһандық форумында сөз сөйледі. Сенат Төрағасы форумға қатысушылардың назарын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне аударды. «Бұл жаһандық қатаклизмнің жолын кесіп, жойқын апаттың бетін қайтару жолында барша әлем қауымдастығы басшылыққа алуға тиіс өзекті қағидаттар ұсынылған бірегей саяси құжат болып табылады», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Қазақстан Президенті қазіргі кездегі бірде-бір ел соғыста жеңімпаз болмайтынын алдын ала ескертіп отыр. Жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қаруды қолданбау мүмкін емес болады. Бейбіт үнқатысу мен сындарлы келіссөздер мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеудің негізгі күшіне айналуы керек. Сондықтан, Елбасы ядролық қарудан толықтай азат әлемге қарай дәйекті түрде ілгерілеуге; орнықты әлем географиясын қалыптастыруға; әскери блоктарды түбегейлі жоюға; қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеуге; қаржы, сауда-саттық және даму салаларындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасын нығайтуға шақырады. Қ.Тоқаевтың пікірінше, БҰҰ Өркениеттер альянсының алдында адамдардың сана-сезімін терең улап жатқан милитаризм вирусына қарсы күреске салмақты үлес қосу міндеті тұр. «Бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты орнатуға, мемлекеттердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және адамдардың құқығын қорғауға бағытталған БҰҰ-ның ең басты мақсаттарының орындалуына соғыс қаупі үлкен қатер төндіріп отыр. Мәдениеттердің, дәстүрлердің, діндердің, өркениеттердің үндестікте тіршілік етуі халықаралық ахуалды тұрақсыздандыру әрекеттеріне тойтарыс беретін лайықты жауап бола алады және солай болуы тиіс», деді Сенат Төрағасы. Қ.Тоқаев альянстың адамзат өркениетінің шынайы құндылықтарын жастарға түсіндірудегі қызметінің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, «келе жатқан өнеркәсіптік төңкеріс пен экономикадағы түбегейлі өзгерістер жаңа көзқарасқа ие, ескішілдіктен, араздық пен дау-жанжалдан азат жастардың қалыптасуын талап етеді». Форумның «Инклюзивті қоғамдарда қатар өмір сүру» тақырыбы туралы айта келіп, Қ.Тоқаев шараға қатысушылармен мәдени әралуандықты сақтау мен дамытудың қазақстандық тәжірибесімен бөлісті. «Бүгінде әралуандылық – халық бірлігінің кепілі, деді ол. Этносаралық келісімді қамтамасыз ететін конституциялық мәртебеге ие орган – Қазақстан халқы Ассамблеясы жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді». Қ.Тоқаев экстремизм мен терроризм қаупіне қарсы іс-қимыл бойынша кешенді және батыл әрекет етіп, заңнамалық деңгейде шаралар қабылдауға шақырды. «Дін мен зорлық-зомбылықтың мүлдем бөлектігі туралы сан мәрте айта беруге болады, бұл өз алдына ақиқат нәрсе, алайда діни ұрандардың тасасында адам құқықтары мен бостандықтарының тапталуы, террорлық шабуылдардың жасалуы, адамдардың ұрлануы, вандализм орын алып жатқандығын да мойындау қажет», деп атап өтті Төраға. Сенат басшысы Қазақстан БҰҰ-ның Зорлықшыл экстремизмді болдырмау жөніндегі тұтастай іс-қимыл жоспарын іске асыруға өз үлесін қосып жатқанын еске салды. Төраға Өркениеттер альянсының мақсаттары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен үндес екенін атап өтті. Биылғы 31 мамырда съезд аясында «Дін терроризмге қарсы» тақырыбында конференция өтетіні, онда түрлі мемлекеттердің парламентшілері мен діни қайраткерлері алғаш рет бас қосатынын атап өтті. «Діни фактордың ықпалы айтарлықтай өсіп отырған әлемде дәстүрлі дипломатия жаңаша көзқарастарды қажет етуде», – деді Қ.Тоқаев. Жаһандық форум барысында Сенат Төрағасы Таулы Қарабақ төңірегіндегі жағдай туралы сауалдарға жауап бере келіп, Президент Н.Назарбаев Ресейдің бірінші Президенті Б.Ельцинмен бірге осы мәселемен 1990 жылдары тікелей айналысқанын еске салды. «Әзербайжан – біздің досымыз әрі әріптесіміз, біз Армениямен ықпалдастық бірлестіктерде одақтас болып табыламыз. Бұл күрделі мәселе Ресейдің рөлі едәуір ЕҚЫҰ-дағы Минск тобының аясында шешілуі тиіс деп санаймыз», деп атап өтті Қ.Тоқаев. Сенат басшысы сонымен бірге БҰҰ Өркениеттер альянсы саяси қайшылықтар мен даулы мәселелерден азат болуы тиіс екенін атап өтті, Жаһандық форум жұмысын саясиландыруға болмайды. Форумда сөйлеген сөзінде «Біз форумның тақырыбына қатысты мәселелерді талқылауымыз керек, форум бізді алшақтататын халықаралық мәселелер бойынша мәлімдеме жасайтын тұғырнама ретінде пайдаланылмауы тиіс», деді. Бакуде екіжақты кездесулер аясында Қ.Тоқаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі бойынша ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүзеге асырды. Одан басқа, Сенат Төрағасының Әзербайжан Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадовпен кездесуі барысында екі мемлекет парламенттерінің өзара іс-қимылының келешегі талқыланды. Қ.Тоқаев пен Гейдар Әлиев атындағы қордың президенті Мехрибан Әлиевамен кездесуде екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мәселелері бойынша пікір алмасылды. Төраға М.Әлиеваны Астанадағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Кітапханасын көруге шақырды. Жаһандық форум аясында Қ.Тоқаев БҰҰ Өркениеттер альянсі жөніндегі БҰҰ Жоғарғы өкілі Насир Абдулазиз ан-Насермен және Беларусь Ұлттық жиналысы Республика кеңесінің Төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.Америкалық сарапшы Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
Спорт • Бүгін, 12:59
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
Сайлау • Бүгін, 12:21
Павлодар облысындағы ауруханада зейнеткердің 13 млн теңгесі қолды болған
Қоғам • Бүгін, 11:58
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді
Әдебиет • Бүгін, 09:20