пенопласт блоктарынан салынатын болды
Қостанай қаласында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің қолдауымен 2016-2017 жылдары түрлі қаржыландыру институттарын пайдалана отырып, 13 миллиард теңгеге 112 мың шаршы метр қол жетімді әлеуметтік тұрғын үй салу жоспарлануда.
Осы екі жылдың ішінде 1800-ден астам отбасы баспаналы болады. Ал құрылысшы фирмалар тұрғын үйді сапалы, тез арада салу үшін қаржымен қатар жаңа технологияларды, жаңа құрылыс материалдарын қолданады. Мысалы, облыс орталығының «Аэропорт» шағын ауданынан төрт бірдей көп қабатты үй түспек. Мердігер «Ирина и К» фирмасы оның бірінің іргетасын қалауға кіріскен. Төрт секциядан тұратын үйде 144 пәтер болады. Жылдың ортасына қарай үйдің іргетасын енді құйып жатқан құрылыс компаниясы желтоқсан айында тұрғындарға пәтер кілтін де тапсырмақ. Мұның барлығы да жаңа технологиямен жасалған құрылыс материалына байланысты екен. Үй тұтастай пенопластан жасалған қабырға блоктармен салынады.
– Пенопласты ХХІ ғасырдың құрылыс материалы деп атайды. Оның ені 30 сантиметр, кірпіштен салынған үйдің қабырғасындай болады. Пенопласт жылытқыш материалдың орнын ауыстырады. Салынған үй жылылығымен, тазалығымен ерекшеленеді. Канада мен Ресейдің көптеген қалаларында тұрғын үйлердің қандай түрі болса да осындайдан тұрғызылады, – дейді «Ирина и К» серіктестігінің жетекшісі Александр Корчинский.
Александр Васильевичтің айтуынша, пенопластан салынған үй кірпіштен өрілген үйге қарағанда 25 пайыз арзанға түседі. Күн өткізбегендіктен жазда салқын, ал қыста жылуды сыртқа шашыратпағандықтан жылы болады.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше