Таяуда Астанадағы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Халықаралық біріккен комиссиясының (Joint Commission International, JCI) үш жылдық ре-аккредиттеуінен сәтті өтіп, ұсынылатын медициналық қызметтер мен сервистер сапасының және қауіпсіздігінің жоғары деңгейін дәлелдеді.
Үстіміздегі жылдың 29 наурызы мен 1 сәуірі күндері өткен жан-жақты тексеру жұмыстарын тәуелсіз халықаралық комиссия жүргізді. Атап айтсақ, АҚШ-тан аудитор дәрігер, Гарвард университетінің ғылым магистрі Патрисия О-Шей, мейіргер, ғылым магистрі Эн Уоткинс, нидерландтық әкімші, емделушінің қауіпсіздігі бойынша философия докторы Озлем Йылдырым келген болатын. Аккредиттеу барысында клиникадағы барлық дәрігерлердің, орта және кіші медициналық персоналдың, әкімшілік блоктың, инженерлік және медициналық емес қызметтердің жұмыстары жіті қаралып, тексеруден өтті.
2013 жылы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ аталған аккредиттеуден тұңғыш рет өткен еді. Алайда, JCI стандарттары бойынша халықаралық аккредитация туралы сертификаттың іс-әрекет ету мерзімі үш жылды құрайды. Осы мерзім аяқталған соң медициналық қызметтер сапасының сәйкестілігін растау үшін емдік мекеме ре-аккредиттеуден өтіп тұруы қажет. Бұдан басқа, аккредитациялар аралығында JCI сарапшылары аккредиттелген ұйымдардың қызметіне қадағалау тексерістерін жүргізіп отырады. Бұл медициналық қызмет көрсетудің әртүрлі кезеңінде ұсынылатын қызметтер сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік бола алады.
Әлем бойынша JCI стандарттарына 600-дей аурухана толық сәйкес келеді. Ал Қазақстанда JCI стандарттары бойынша 7 медициналық ұйым, Ресейде – 2, Литвада – 3, Молдовада 1 емдеу мекемесі аккредиттеліп үлгерді.
JCI халықаралық аккредиттеуінен өту – Ұлттық нейрохирургия орталығының емдеу және сапа стандарттарының жоғары қауіпсіздігіне бейімделуін арттырады. Бұл дегеніңіз қазақстандықтардың ел шекарасынан аспай, жоғары сапалы медициналық қызметтерді дер кезінде алуларына мол мүмкіндік тудырмақ.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысында 34 млн теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:10
Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ
Теңге • Бүгін, 14:59
Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
Оқиға • Бүгін, 14:44
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады
Президент • Бүгін, 14:23
Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:18
Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы «қарызын» өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Президент бала өмірін арашалап қалған дәрігерлердің еңбегін үлгі етті
Президент • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды
Медицина • Бүгін, 13:50
Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі
Медицина • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін көтерді
Президент • Бүгін, 13:37
Президент: Қазақстан озық технологияларды медицинаға белсенді түрде енгізіп жатыр
Президент • Бүгін, 13:27
Тоқаев: Өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс
Президент • Бүгін, 13:20
Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Президент • Бүгін, 13:13
Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Туризм • Бүгін, 13:05
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда
Президент • Бүгін, 12:57