Қостанайда Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев болып, Қазақстан Республикасы – «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде Жер кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты заңнамаларды қолдану нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша кеңеске қатысты. Онда Қайырбек Айтбайұлы ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді жекеменшікке беру тетіктері, соған орай салық заңдарына енгізілген өзгерістер, аукционға түскен жер учаскелерін сатып алу қағидалары туралы айтып берді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмағанбетовтің айтуынша, облыста осы кезге дейін 45 300 гектар жер жекеменшіктің қолында, қалған ауылшаруашылық мақсатындағы 10 100 506 гектар сатылуға жарамды деп есептеледі. Жердің жекеменшікке сатылу тетіктері туралы мәселені облыстағы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер, кәсіпкерлер тыңдап, министрдің орынбасарына және онымен бірге келген мамандарға сұрақтар берді. Олар көбіне ауылшаруашылық мақсатындағы жер сатылғанда оның бағасы бонитетіне қарай ескерілсе деген тілек айтты. Өйткені, диқандар қандай да күтім болғанымен өнім алуда жердің табиғи бонитеті басты көрсеткішті беретінін айтты.
Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев жергілікті кәсіпкерлер мен ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер және журналистер сұрақтарына жауап берді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше