АСТАНА. 27 сәуір. Асхат Дауылбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңес мүшесі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Асхат Дауылбаевты Конституциялық кеңес мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулы қабылдады.
Еске сала кетейік, жақында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Бас прокурор қызметінен босатылған болатын.
Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы Конституциялық кеңес мүшесін қызметке тағайындайды. Сонымен қатар, аталған лауазымды палата төрағасы ұсынады. Осыған байланысты Мәжіліс төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Асхат Дауылбаевтың кандидатурасын ұсынған болатын.
Ол құқық қорғау саласында, оның ішінде прокуратура органында көп жылдар бойы еңбек еткен білікті әрі тәжірибелі тұлға. Асхат Дауылбаев 1987 жылы Свердловск заң институтын үздік бітіргеннен соң еңбек жолын Алматы қаласының Октябрь ауданы прокуратурасында тағылымдамадан өтуші, тергеуші, прокурордың көмекшісі қызметінен бастаған. 1990-1994 жылдары Алматы қаласының бірқатар аудандарында прокурордың орынбасары, Алматы қаласы төрелік сот төрағасының орынбасары секілді қызметтерді атқарды.
1997 жыл Әділет вице-министрі болды. 2001 жылы Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалып, ол лауазымда 2011 жылдың сәуіріне дейін қызмет жасады. 2011-2016 жылдары Бас прокурор болды.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: inform.kz.

Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше