22 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1473

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 30 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы №2041 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №57, 497-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 3-тармақтағы «2010 жылғы 1 желтоқсанға» деген сөздер «2011 жылғы 1 наурызға» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.