АСТАНА. 27 сәуір. Бүгін Манчестер қаласында футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалы басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Манчестер Сити» өз алаңында Мадридтің «Реал» командасын қабылдап, 0:0 есебімен тең түсті.
Бұл командалар биылғы Чемпиондар лигасының топтық турнирінде екі рет кездескен болатын. Сол ойындардың бірінде «Реал» «Манчестер Ситиді» сырт алаңда 3:2 есебімен жеңсе, екінші матчта қарсыластар 1:1 есебімен тең тарасты. Қызық болғанда, ағылшындар бірінші ойында Испанияның атақты клубын 2:0 есебімен ұтып жатып, 3:2 есебімен ұтылған еді. Осы ойында қонақтар соңғы екі голды 87 және 90 минуттарда соғып, алаң иелерін сан соқтырып кеткен.
Бүгінгі матчта Роберто Манчинидің командасы сол жолғы есені қайтаруға тырысып ойнады. Алайда, «Манчестер Сити» 90 минут бойы Испания клубына доп соға алмай кетті. Кездесуде «Реал» да қарап отырмады. Ойында команданың басты шабуылшысы Криштиану Роналду болмағанымен Бензема, Бэйл, Васкес, Модричтер бір гол соғып, Пиреней түбегіне үш ұпайды әкетуге барын салды.
Жалпы, ойын командалардың алма-кезек шабуылдарымен өтті. Бұл кездесуде бірінші болып есеп ашқан команда жеңетін еді. Бірақ, 90 минут бойы бір-бірінің жүйкесін жұқартқан жасақтар тас қамалдай қорғанған қақпалардың кілтін сол күйі таба алмай кетті.
УЕФА Чемпиондар лигасы 1/2 финалындағы қарсыластардың бірінші матчы.
26 сәуір. Манчестер. «Этихад Стэдиум» стадионы.
Төреші: Чакыр Джюнейт (Түркия)
«Манчестер Сити: Харт, Санья, Компани (капитан), Отаменди, Клиши, Фернандо, Фернандиньо, Навас (Стерлинг 77’), Сильва (Ихеначо 41’), Де Брёйне, Агуэро.
«Реал» (Мадрид): Навас, Карвахаль, Рамос (капитан), Пепе, Марсело, Кроос, Касемиро, Модрич, Бэйл, Васкес, Бензема (Хесе 46’)
Ескерту алды: Сильва 38’ — Пепе 24’ Карвахаль 90'
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: eurosport, euro-football.ru, EPA/URG
Видео: vkontakte әлеуметтік желісі.

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03