28 Сәуір, 2016

Әзірше қолданыстағы келісіммен жүрген тиімді

344 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
DSC_0322-1Кеше Парламент Мәжілі­сінің кезекті жалпы отырысы болып, оны палата Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов ашып, жүргізіп отырды. Жалпы отырыстың жұмысы Мәжілістің құзыретіне енетін кадр­лық тағайындаулар мәселе­сі­нен басталды. Алдымен Конс­ти­туциялық Кеңестің мүшесі Ілияс Бақтыбаевтың өз еркімен өкі­лет­тігін тоқтатуды сұраған өті­ніші оқыл­ды. Мәжілістің бір­ауыз­дан қабыл­данған қаулы­сымен оның өті­ніші қанағаттан­дырылды. Одан кейін Мәжіліс Төрағасы Б.Ізмұхамбетов күні кешеге дейін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымын атқарып келген Асхат Дауылбаевтың кан­ди­датурасын Конституциялық Кеңес­тің мүшелігіне ұсынды. Бұл ұсыныс та Мәжілістің тиіс­ті қау­лысымен бірауыздан мақұл­данып, А.Дауылбаев Конс­ти­туция­лық Кеңестің мүшелігіне бекітілді. Бекітілген күн тәртібіндегі мә­се­­ле­лердің алғашқы екеуі Мәжі­лістің қарауына түскен заң жоба­лары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеуге арналыпты. Соның ішінде біріншісі – Қазақ­стан мен Сауд Арабиясы ара­сын­дағы Қосарланған салық салу­ды болдырмау және салық салу­дан жалтаруға жол бермеу ту­ра­лы конвенцияны және оған жа­сал­ған Хаттаманы, екіншісі – Қа­зақ­стан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зы­мыран ұшырғыштарды ұшыру кезінде құлайтын бөліктерге құлау ауданы ретінде Қазақстаннан жер учаскесін беру туралы келісімді ратификациялау туралы болды. Екеуі туралы да Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев баяндап, заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге тиісті мерзім белгіленді. Үшінші мәселе, Қазақстан мен Ресей арасында 2006 жылдың 15 тамызында Қазақстанның Ресей Федерациясы аумағында, Ресей­дің Қазақстан Республикасы аума­ғында орналасқан теміржол учас­келері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасы­мал­дарын ресімдеу туралы келі­сім­ге өзгерістер енгізу туралы хат­­­­та­маны ратификациялау тура­лы заң жобасы болды. Бұл – ха­лық арасында осы уақытқа дейін түсінбестік тудырып келе жат­қан мәселенің бірі. Кей-кейде ел­­дегі барлық өзгерістер мен жа­ңа­­лықтардан хабары бар деген адам­дардың өзі Петропавл қала­сына бара қалса, оның «Станция Петропавловск» деп аталатын теміржол вокзалының Ресейге қарайтындығын көріп, таң-тамаша қалады. Уақыты да Мәскеу уақы­ты­мен өлшенеді. Сондықтан, оның сонау 1992 жылдардағы КСРО мүлкін бөлісу кезінде екіжақты келісім бойынша қабылданған шешім екенін еске салып өткенді артық емес деп санадық. Ресей жағы сол кездегі «Оңтүстік Орал» теміржолына қа­рай­тын Қазақстанның Петро­павл қа­ласындағы «Петропавловск» стан­сасын өзіне алды. Оның аума­­­ғындағы (кіру және шы­ғу­да­­ғы) 50 шақырымдық жол да Ре­с­ей­­­ге қаратылды. Есесіне Қа­зақ­­­стан жағы Ресей аумағының Орын­бор облысындағы Илецк пен Алтай Республикасындағы Локоть стансаларын өзіне алды. Бұ­лар біздің Батыс және Шығыс аймақ­тарымызға шығуға ыңғай­лы­лық туды­рады. Сонымен қоса, осы екі стан­саға кіріп-шығатын Ресей аума­ғындағы 200 шақырымдық темір­жол да Қазақстанға қаратылды. Жалпы, отырыстағы үшінші мәселе бойынша баяндама жаса­ған Инвестициялар және даму ми­нистрі Әсет Исекешевке солтүс­тік­­қазақстандық депутат Сергей Звольский нақ осы мәселеге бай­ла­нысты сұрақ қойып, «Петро­павловск» стансасындағы жүк тарифтерінің халықаралық қымбат тарифтерге дейін көтеріліп кететіні Қазақстан бизнесіне ыңғайсыздық тудыратынын айтты. Оған ми­нистр біз де өзімізге қарайтын Ресей аумағындағы екі стансадағы жүк тарифтерін сондай деңгейге көтергенбіз деп жауап берді. Ал егер біз аталған екі стан­са­дан бас тартып, өзімізге «Пет­ро­павловск» стансасын қай­та­ратын бол­сақ, Ресей жағы жүктерін өз аума­ғындағы айналма жолдарымен «Транссібір» бойында таси беру мүм­кіншілігі бар. Қиналатын біз, өйт­кені, Батыстағы қалаларымызға жету үшін 600 шақырымдық жаңа темір­жол тартуға мәжбүр боламыз. Сон­дық­тан, әзірше қолданыстағы келі­с­іммен жүрген тиімді, деді ол. Негізгі келісімге енгізілетін өзгерістер туралы жалпы оты­рысқа ұсынылған 2012 жылдың 19 қыркүйегінде жасалған хат­тамаға сәйкес келісімнен ресейлік теміржолдың «Озинки», «Ақсарай-ІІ», «Құлынды» және «Золотая сопка» түйісу пункттерінен жүк­терді тасымалдау кезінде Қа­зақ­станда және тиісінше қазақ­­стан­дық теміржолдың «Никельтау», «Тобыл», «Пресногорьков», «Қызыл ту» түйісу пункттерінен жүк­­терді тасымалдау кезін­де Ресей­де тасымалдау төлем­дерін төлеу тәртібін регламенттейтін 12 жә­не 14-баптар алынып тасталған. Заң жобасы біршама талқы­лаудан кейін мақұлданды. Осымен күн тәр­тібіндегі мәселелер толық қара­лып, жалпы отырыс орталық мем­ле­кеттік органдарға арналған депу­тат­тардың сауалдарын жария­лауға көшті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»