«Көк байрақты асқақтата көтерейік» деп аталатын үндеу қабылдады
Кеше Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының кезекті отырысы болды. Депутаттық топ Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясының қорытындылары мен алдағы атқарылар мақсаттарын талқылады.
Өткен сессия жайында баяндаған депутаттық топ жетекшісі Сауытбек Абдрахманов: «Бүгінгі отырысымыздың күн тәртібінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы XXIV сессиясының қорытындылары туралы» мәселенің қаралуы бекер емес. Күні кеше біз Ассамблея үшін тарихи күннің куәсі болдық. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның алдына үлкен міндеттер қойды», – деп бастады отырысты.
Ол, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХІV сессиясы «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» аталғанын атап өтті. Бүгінгі күні қауіпсіздік пен тұрақтылықтың өзекті мәселе екендігіне тоқталды. Елбасының арқасында Қазақстан әлем алдында құрмет пен абыройға бөленіп отыр. Бұл сөздердің дәлелділігін біз Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Әлем.XXI ғасыр» манифесінен көрдік, деді С.Абдрахманов.
ҚХА депутаттық тобының жетекшісі келесі кезекте Мемлекет басшысы жиналған халық алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің Тәуелсіздігіміздің ең құнды байлықтарының бірі екендігін айрықша атап өткеніне тоқталды. Сонымен қатар, сессияда «Мәңгілік Ел» – Патриоттық актісі қабылданды. С.Абдрахманов Қазақстан Президентінің қабылданған Актіні жалпыхалықтық мұраттың құжаттағы үлгісі деп атап өткеніне назар аударды.
Отырыста Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко сөз алып, кешегі өткен ҚХА сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың нақтылаған бағыттары жайына тоқталды. Қабылданған Патриоттық актідегі қалыптастырылған ұлттық идеяларды парламентшілер халыққа жеткізуі қажеттігін қадап айтты. Осы мақсатта және Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Бес институттық реформасын жүзеге асыру бойынша бес депутаттық жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.
Депутаттық топ мүшелері пікір алмаса келіп, өз топтарының құрамын және жетекшілерін бекітті. Ал топтың алдағы мақсаттары жайында Қуаныш Сұлтанов, Галина Баймаханова, Меруерт Қазбекова және Ахмет Мурадов әңгімеледі.
Талқылаудың қорытындысы нәтижесінде депутаттық топ Парламент Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының үндеуін қабылдады.
* * *
Отырыста депутаттық топтың алтыншы шақырылымының бірінші сессиясындағы жұмыс жоспарын топ хатшысы, депутат Наталья Жұмаділдаева таныстырды. Оның ақпараттарын тыңдаған депутаттық топ палатаның Вице-спикері Владимир Божконың ұсынысын есепке ала отырып, өздерінің жұмыс жоспарларын бекітті.
Аян ҚУАНДЫҚ

Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Жұмыс уақытында мас күйінде ұсталған ауыл әкімі қызметінен қуылмақ
Заң • Бүгін, 16:20
Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:10