Қазақстанда 50 мың данамен таратылған үш тілдегі тұңғыш басылым
Журналдың аты айтып тұрғанындай, басылымның алғашқы санының қазақтың белгілі де аса танымал тұлғалы азаматтарының лебізімен жарыққа шығуы тектен-тек емес екендігі бірден аңғарылады. Академик Төрегелді Шарманов «Басылымның құрылтайшылары мен шығарушылары бұл іске үлкен дайындықпен келгенін байқатты. Үш тілде жарық көріп отырған үлкен жоба қазаққа көптік етпейді», десе, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов «Мұндай жоба қазақ басылымдарында бұрын-соңды болмаған үрдіс», белгілі шығыстанушы ғалым Әбсаттар Дербісәлі «Медианарықтағы бұл жас басылым қазақ тіліндегі материалдарға қатысты бұған дейінгі болып келген олқылықтардың орнын толтырар деген үміттемін», деп ой түйіндейді.
Көркемделуі мен беттелуі айрықша «Ұлт жаршысы» мұқабасына Халық қаһарманы Айдын Айымбетовтің суреті салынып, іштегі бірінші беті белгілі журналист Гүлбаршын Сабаеваның ғарышкермен жасаған қызықты сұхбатымен ашылыпты. Ұлттық жеңсік тағамымыз тұшпараның – неліктен «түймеш» аталғаны туралы қызықты мақала журнал оқырманын бей-жай қалдырмасы да анық. Журнал беттерінен кең көлемде орын алған Қазақстанның өнеркәсіп саласындағы инвестиция адымы, халықаралық дипломатиялық қатынастар, елдегі орта және шағын бизнес болашағы мен өзге де рухани, мәдени, танымдық материалдар қызықты да тартымды.
Сондай-ақ, түрлі-түсті көркем журнал атына заты сай – Қазақстанның бүгінгі «өнер жұлдыздары» туралы мақалаларға да ойып тұрып орын берген және әшекейлі суреттермен безендірілген.
«Болашақтан келген робот» – әлем таныған танымал боксшы, «қазақтың Генасы», Геннадий Головкин туралы қызықты материалды спорт бөлімінің басты мақаласы ретінде оқитын боласыздар.
Көпшілік оқырманға арналған түрлі-түсті әшекейлі – қазақ, орыс, ағылшын тілінде жарық көретін көркем журналдың құрылтайшысы – «SAPA MEDIA GROUP» ЖШС еншілес компаниясы болып табылатыны туралы да жалпы оқырман қауымды хабардар еткенді жөн деп таптық.
Қазір бүгінгі қазақ баспасөзіндегі ерекше құбылыс – үш тілді «Ұлт жаршысы» көркем безендірілген журналының екінші саны жарыққа шығуға дайындалуда.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше