Өркениетті, әлемдегі озық елдердің жақсы тәжірибесі Қазақстан өміріне дендеп еніп қана қоймай, тәтті жемісін беріп жатыр. Бұрынырақта қызметтің майлы жілігіне тамыр-танысы жоқ адамдар іліге алмайтындай көрінетін. Мектепті «Алтын белгіге», жоғары оқу орнын «Қызыл дипломға» бітірген түлектердің өзі жұмыс таба алмай, тапқан жағдайда институтта өзінен қозы көш төмен оқыған, бірақ беделді қызметкердің, бай-бағланның баласының қол астында жұмыс жасап жатқанына намыстанар еді.
Енді оған баяғыдай орын беріле бермейді. Біз мұны Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша департаментінде бос мемлекеттік әкімшілік лауазым үшін үміткерлерге конкурс жариялаған комиссия жұмысына бақылаушы болып шақырылғанда байқадық. Анығын айтсақ, мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы, мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, әкімшілік басқармасының бас маманы бос орындарына 16 үміткер құжат тапсырғанымен, конкурсқа үшеуі келмей қалды.
«Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Аталған заң Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған Ұлт Жоспарының алғашқы бөліміндегі 15-қадамда көрсетілген мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге және оның дербестігін қамтамасыз етуге негізделген. Осындай жаңа реформа аясында «Б» корпусындағылар бір мекемеден екінші мекемеге ауысуды былай қойғанда, сол мекеменің ішінде сатылық өсуде міндетті түрде ашық конкурстан өтетін болады. Яғни, іс басындағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өсуі конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Бірінші кезекте сол мекеме ішіндегі қызметкерлер үшін ішкі конкурс жарияланатын болады. Егер де осы конкурста қажетті кандидат табылмаса, екінші кезең барлық мемлекеттік қызметшілер үшін өткізіледі. Ол жерде де оң шешімі табылмаса, үшінші кезең, яғни жалпы жұртшылық арасында конкурс өткізіледі. Ескере кететін жайт, бірінші және екінші кезеңдегі ішкі конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның заңнамаларын білуге арналған тестілеуден өтудің қажеті жоқ.
Бұл тұста, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша департаментінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс өтті. Департамент басшысының орынбасары Абдулла Есімхановтың конкурс барысы жөніндегі анықтамасы осы. Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Шіманов басқарған комиссия (С-О-S санаты бойынша) үміткерлерге өзі таңдаған қызмет орындары бойынша сұрақтар қойып, білімі мен білігін саралады.
Алға озып айтсақ, өздері мемлекеттік қызметте жүргендіктен, көпшілігі қамшы салдырған жоқ. Алайда, «күріш арасында күрмек те су ішеді» дегендей, «өтсем – өттім, өтпесем – қайттым», деп келгендер де баршылық екен. Ал байқаушыға конкурс комиссиясының мүшелеріне, олардың шешім қабылдауына әсер етуге құқық берілмеген. Ойымызды сұрады, айттық, қайттық. Әйтсе де, білімді білсем екен деген жастардың өсіп келе жатқандығы қуантты.
Кадр тазалығы, ашықтық – облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың қызметке келгеннен бері қолға алған бірегей мәселелерінің бірі. Облыс әкімдігінде де мемлекеттік қызметке алу үш түрлі сатылы конкурспен өтіп жатыр. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Әсет Байсынов басқарған комиссия жұмысына қатысып, Бейбіт Бәкірұлының кадр саясатында ашықтықты, жариялылықты қалайтынын тағы да ұғындық. Ал тоқетері – енді білімдінің алды кең, маңдайы жарық, Елбасы саясаты өңірлерде осылайша іске асып жатыр.
Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында 8217 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Соның ішінде 5625 – ер, 2592 әйел азамат қызмет атқарса, 112-сі зейнеткерлік жасқа жақындағандар. Ал 1868 адам жас мемлекеттік қызметші болып табылады.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Жұмыс уақытында мас күйінде ұсталған ауыл әкімі қызметінен қуылмақ
Заң • Бүгін, 16:20
Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:10