Жер бетіндегі адамзатқа ортақ бір ғана қорқыныш бар, ол – соғыс. Қоршаған ортаны тоздырып, табиғаттың ұйысқан өзара әдемі үйлесімділігінің астаң-кестеңін шығарып, қара түтін мен қызыл қанға бояйтын жалғыз қасірет – соғыс. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін үрке қарап, лағынет айтатын сұмдық соғыстар қаншалықты қасіретті, қаншалықты қорқынышты болғанмен, ең өкініштісі – оны адам баласының өздері саналы түрде жасап отыратындығы.
Әлем тарихына көз жіберсек, адамзаттың соғыссыз, жанжалсыз өткізген жылдары сирек. Небір қиян-кескі соғыстардың зардабы мен жаңғырығы күні бүгінге жетіп жатыр. Мысалы, төл тарихымызға қатысы бар 1939-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғысты алып қаралық. Аяқталғанына 70 жылдан астам уақыт өтсе де сұрапыл жылдардың жарасы толық жазылып кете алған жоқ. Ел ішінде соғысқа кеткен боздақтарынан хабар біле алмай күні бүгінге дейін соңынан бір дерек іздеп сабылып-сарсылғандар әлі көп. Қазіргі таңда Ливия, Сирия елдерінде болып жатқан қарулы қақтығыстар мен оның зардаптары, яғни қираған ауыл-қалалар, тұтқынға түскен тұрғындар, жылы үй мен жайлы тұрмысы тоз-тоз болып босқын күйге түскен халық, жоғалған соң тағдыры белгісіз күйінде қалып келе жатқан бірнеше мыңдаған балалар – ғасыр дерті. Әлі дабыры басылмаған Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабаққа қатысты шиеленіс қаншама адамның өмірін оққа байлап, қанша отбасыға қара жамылтты. Әлем елдерінің назарын аудартып, көршілердің көкейіне үрей мен мазасыздық ұялатты.
Соғыс отының тұтануына негізгі себептердің бірі – жер мәселесі, шекаралық дау-дамай. Ата-бабадан қалған жердің ұлтарақтай бөлігі де қымбат, әйтсе де оны соғыссыз, бейбіт жолмен шешу де аса маңызды. Бірақ, осы ұғымды баршаның ұғына тұра ұстана алмауы, сабыр мен ұстамның артта қалып, мәселені қару арқылы шешуге жүгінуі көңіл жүдетеді.
Бүгінгі таңда соғыстың бір түрі және өте аяусыз, қатыгез түрі – дін атын жамылып тұтанды. Адамдарды қойша бауыздап, қыз-келіншектерді жезөкшелік жолға мәжбүрлеген соғыс сипаты діншілдердің емес, нағыз «дінсіздердің» ісі екендігі айдан анық. Жекелеген елдерде орын алып отырған бұл жағдайлар әлем елдерінің жүйкесіне жүк түсіруде. Сонымен бірге, әртүрлі жағдайлар мен мәселелерге қатысты алып державалардың өзара қырғи-қабақ қатынасқа түсіп, түрлі экономикалық санкциялармен «соғысуы», қару-жарақ түрлерін жанталаса жетілдіріп, тіпті, ядролық қару қорын молайтуға ұмтылуы біздің бүгінгі заманымызға әдемі, уайымсыз, қауіпсіз өң-сипат беріп тұрған жоқ.
Вашингтон қаласындағы айтулы саммитте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев соғыс, оның зардабы мен зияны, соғысты болдырмау үшін жасалатын жұмыстар жөнінде толыққанды айтты. Ғалымдардың есебі бойынша 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты бастан өткеріп келген жер өркениетіне, әлемге тағы бір қауіптің төніп тұрғандығын ескертті. Халықаралық қатынастарда ымырашылдықтан гөрі жанжалдасу тәуекелділігінің артып тұрғандығына күйзеліп, ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарттың өз міндеттерін толық орындай алмай отырғандығына, халықаралық лаңкестіктің айылын жимай, жан-жағын уысында ұстауға өршелене ұмтылып келе жатқандығына қынжылды. Планетамыздың тіршіліксіз қоқыс үйіндісіне айналмауы үшін барлық мемлекеттердің бәсекелестік пен жалған ұранға ырық бермей, сабырмен іс қылу қажеттігі айтылды.
Ядролық қарудың қасіреті – біздің бүгінімізге ғана емес, ертеңгі, тіпті, болашақтағы ұрпақтар өміріне балта шабатын аса залалды сипатқа ие. Қандай аса маңызды мәселе болмасын, оны ядролық қарудың күшіне сүйеніп шешуден бас тартқан жөн. Себебі, ядролық қару арқылы мәселе шешілгенмен, бір ел «батыр» атанғанмен, ол байлықтың да, ол «батырлықтың» да жемісін көретін жан баласы табылмай қалуы ғажап емес. Адамзаттың құрбандығымен келген жеңістің игілігін көру ешкімге бұйырмауы да мүмкін. Сондықтан, Елбасы осы жәйлердің бәрін ескерте келе, сорақылықтардың алдын алудың, соғысты болдырмау үшін жұмыстанудың жолдарын ұсынды. «XXI ғасыр: соғыссыз әлем» атты көлемді бағдарлама қабылдап, соғысты жою бағытында үйлесімді қарым-қатынас, бірлескен жұмыстарды нақтылап отыру қажеттігін айтты.
Ядролық қаруды жетілдіру нәтижесінің неге әкеліп соқтыратындығын, аталмыш көлемді бағдарламаны қабылдаудағы мақсатты нақты үш түйінмен көрсеткен Елбасы ядролық қаруға қарсы әрекет ететін қоғамдастықтың негізгі бес бағытын ұсынды. Семей ядролық сынақ полигонын жауып, қуатты қару арсеналынан бас тартып, атом энергетикасын дамытуды МАГАТЭ аясында жоспарлап отырған мемлекеттерге арнап төмен байытылған ядролық отын банкін құрған Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларациясын қабылдауына бастамашы болды. Жаппай қырып-жоятын ядролық, химиялық, биологиялық қаруларды таратпау ісінде ізгі бастамаларымен танылып жүрген Қазақстанның Президенті АҚШ-тың мінберінен тағы да маңызды бастамасымен көрініп, ғаламдық қауіпсіздік, ғасырлық тыныштық тұрғысында аса қажетті ойларын ортаға салды.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ілігіп үлгерген бейбітшілік бастамасының кең қолдау табатынына сенімдіміз.
Мәнет ШЫРАҚБАЙ,
«Жауқазын» балалар бақшасының меңгерушісі,
Түпқараған аудандық мәслихатының депутаты
Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы,
Ақшұқыр ауылы

Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 21:04
Ғылымға негізделген саясат: Қазақстан халықаралық қауымдастықтың назарында
Ғылым • Бүгін, 20:47
Футбол жанкүйерлері үшін ұйқысыз түн: Бүгін қандай ойындар бар?
Спорт • Бүгін, 20:34
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13