2016 жылғы 14 сәуір. Астана, Үкімет Үйі
Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізу жөніндегі кейбір мәселелер туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 наурыздағы №858-3 тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы (бұдан әрі - Универсиада) өткізу бойынша іс-шараларды іске асыру аясында тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын өнім берушілер болып айқындалсын:
1) Универсиаданы дайындау және өткізу бойынша - «Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекция» мемлекеттік қоры;
2) халықаралық телехабар таратуды, хронометраж жүйесін, нәтижелерді шығаруды, телевизиялық графиканы, аккредиттеуді және билеттендіруді, спорт жабдығын жалға беруді, сақтандыруды, ойындарды басқаруды және ақпараттық сервистерді, халықаралық хабар тарату, аккредиттелген, техникалық, операциялық, бас спорттық және баспасөз орталықтарының жұмыстарын, қажетті ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, ақпараттық-бағдарламалық қамтылымды, құрылымдық кабель желісін және басқа да ілеспе қызметтерді ұйымдастыру бойынша - «Federation Internationale du Sport Universitaire» (Ғ.І.8.1І.)» халықаралық коммерциялық емес қауымдастығы;
3) Универсиаданың спорттық объектілерін дайындау және жалға беру бойынша - «Chimbulak Development», «Спорт және мәдениет кешені», «Сұңқар» шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені», «Chimbulak ski resort» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) Универсиада кезінде спорттық объектілерін дайындау және жалға беру, қатысушыларды тамақтандыру мен орналастыруды ұйымдастыру бойынша - «Алматы қаласының спорттық ғимараттары дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
5) консультанттардың қызметі бойынша «Спорттық жобалар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі қоғамы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласының әкімі Б.Қ.Байбекке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ