28 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы №131

1665 рет
көрсетілді
36 мин
оқу үшін
2015 жылғы 25 ақпан,   Астана қаласы «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша  санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 6-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Е.ДОСАЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ___________ А. Мамытбеков 2015 жылғы 3 наурыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 25 ақпан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №131 бұйрығымен бекітілген «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 145-бабы 1-тармағының 26-тармақшасына сәйкес әзірленген және инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу, обаның және тырысқақтың эпидемиялық ошақтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Обаға қарсы ұйымдар, ал олар болмаған жағдайда – тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері аумақтық медициналық ұйымдарға консультациялық-әдістемелік көмекті жүзеге асырады. 3. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық құралдарды пайдаланады. 4. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды: 1) алдын алу іс-шаралары – санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар; 2) бактериологиялық мониторинг – халық арасында және сыртқы орта объектілерінде айналымдағы инфекциялық ауру қоздырғышын уақтылы анықтау мақсатында бактериологиялық зертханалық бақылау жүйесі; 3) далалық материал –қоздырғыштың айналымын анықтау мақсатында оларға зертханалық зерттеу жүргізу үшін алынған зооноздық инфекциялар қоздырғыштарын таратушылар мен тасымалдаушылар, қоршаған орта объектілері; 4) жағдайды стандартты айқындау – күдікті, болжалды, ықтимал, расталған жағдай ретінде әртүрлі уақытта және әртүрлі аумақтарда алынған эпидемиологиялық қадағалау деректерін салыстырмалы талдау үшін инфекциялық аурулар туралы есепке алу мен есептіліктің стандарттылығын және бірізділігін қамтамасыз ету; 5) инфекцияны тасымалдаушылар – оба қоздырғышы берілуінің трансмиссиялық тетігін айқындайтын, көбіне буынаяқтылар, атап айтқанда қансорғыш жәндіктер мен кенелер; 6) инфекцияны таратушылар – жылы қанды жануарлар бірінше кезекте табиғатта ауру қоздырғышының резервуары болып табылатын кеміргіштер мен басқа да ұсақ сүтқоректілер; 7) карантин – қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайларды тудыратын карантиндік аурулардың әкелінуінің, сыртқа шығарылуының және өзге де таралуының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын әкімшілік және медициналық-санитариялық шектеу іс-шаралары кешені; 8) карантиндік аурулар – шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, сондай-ақ халықтың өмір сүруі мен кәсіп­кер­лік және (немесе) өзге қызметті жүргізуінің ерекше жағдайлары мен режимі енгізілетін, қоғамдық денсаулық сақтауда төтенше жағдайларды тудыратын жоғары дәрежелі жұқпалылығымен және өлімге әкелуімен сипатталатын аурулар; 9) қауіп төндіретін аумақ – адамдардың карантиндік және аса қауіпті инфекциялармен сырқаттану жағдайлары туындау қаупі бар аумақ; 10) қорғау аймағы – инфекцияны тасымалдаушылар және/немесе таратушылар жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ; 11) оба – адамды, жабайы және кейбір үй жануарларын зақымдайтын, даму жылдамдығы жоғары және интоксикациясы, қызбасы айқын, лимфа түйіндерінің, тері мен өкпенің қабынуымен, бұл ретте қоғамдық денсаулық сақтауда төтенше жағдайларды тудыра отырып, инфекция адамнан адамға берілген кездегі науқастардың өлу деңгейі барынша көп және эпидемиялық әлеуеті жоғары болуымен сипатталатын жіті инфекциялық процесі ауыр аса қауіпті табиғи ошақты зооноз; 12) реконвалесцент – ауырып жазылған адам; 13) табиғи оба ошағы – шегінде сырттан әкелінбей, белгісіз ұзақ уақыт бойы ауру қоздырғышының циркуляциясы жүзеге асырылып келе жатқан жер бетінің учаскесі; 14) табиғи ошақтылық (энзоотия) – жер бетінің белгілі бір аумақтарында адамға және оның қызметіне тәуелсіз эволюциялық түрде пайда болған, тұрақты эпизоотиялық ошақтардың болуы; 15) тырысқақ – холероген бөлмейтін және қой эритроциттерін гемолиздейтін, тырысқақ вибриондары тудырған, жұғу дәрежесі жоғары, токсикозбен және гастроэнтеритпен, организмнің сусыздануымен, су-тұз, ақуыз алмасудың бұзылуымен сипатталатын, қоздырғышы нәжіс-ауыз тетігі арқылы берілетін антропоноздық бактериялық инфекциялық ауру; 16) уытты емес тырысқақ – холероген бөлмейтін және қой эритроцитін гемолиздейтін, тырысқақ вибриондары тудырған ауру; 17) эпидемиялық асқыну – эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуді талап ететін қоздырғыштың халық арасында таралуы; 18) эпидемиялық ошақ – инфекция көзінің (науқастың/адам мәйітінің) қоздырғыш инфекция ошағынан онымен қарым-қатынаста болған адамдарға берілуге қабілетті шектерде оның қоршаған аумағымен бірге инфекция көзінің болу орны; 19) эпизоотиялық ошақ – инфекция қоздырғышының көзі, берілу факторлары мен қабылдағыш жануарлар бар шектеулі аумақ немесе үй-жай. 2. Обаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 6. Қазақстан Республикасының аумағындағы обаның табиғи ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады. 7. Оба бойынша энзоотиялық аумақта далалық жағдайларда шаруашылық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар штаттық персоналды және тартылған адамдарды обаның табиғи ошағындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, жеке қорғаныш шаралары және обамен сырқаттануға күдіктенген жағдайдағы іс-әрекеттер туралы хабардар етеді, сондай-ақ қауіпті эпидемиялық жағдай туындаған кездегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдайды. 8. Тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен және обаға қарсы күрес ұйымдарымен бірлесіп: 1) аумақтың әлеуетті қауіптілік дәрежесін ескере отырып, обаның тұрақты эпидемиологиялық мониторингін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды; 2) оба бойынша эпидемиялық асқынулар жағдайында медициналық және обаға қарсы күрес ұйымдарының тұрақты даярлығын және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды; 3) инфекцияның табиғи ошақтарының аумағында тұратын халықтың обамен сырқаттануының, оның табиғи ошақтардан тысқары шығарылуының, шетелден әкелінуінің және Қазақстан Республикасының аумағында эпидемиялық таралуының алдын алуға бағытталған жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді; 4) обамен сырқаттанудың бірлі-жарым және жаппай жағдайлары туындаған кезінде ол үшін қажетті күштер мен құралдарды есепке ала отырып, обаның эпидемиялық ошағын уақтылы таратпауға және жоюға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар кешенін; 5) оба бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін медициналық жасақтарды ашуға медициналық ұйымдардың дайындығын қолдауды; 6) обаның эпидемиялық ошағын таратпау және жою үшін ашылған мамандандырылған жасақтардың медициналық персоналын даярлауды; 7) обаның профилактикасы мәселелері бойынша халықтың білімін арттыруға бағытталған санитариялық-ағарту жұмысын жүргізуді қамтитын аумақты санитариялық қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарларын және жедел жоспарларын әзірлейді. 9. Іс-шаралар жоспарларын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекітеді. 10. Медициналық ұйымдар жыл сайын жылдың ауа райы-климаттық жағдайларына байланысты аумақтық обаға қарсы күрес ұйымдары айқындайтын эпидемиялық маусым басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей жыл сайын халықтың қауіп төндіретін контингенттерін обаға қарсы вакцинациялауды жүргізеді. 11. Ведомстволық тиістілігіне және меншік нысандарына қарамастан, медициналық ұйымдар және жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалар осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен адамдардың обамен және тырысқақпен сырқаттануы немесе күдіктену туралы үлгілік шұғыл хабарлау схемасына (бұдан әрі - Үлгілік хабарлау схемасы) сәйкес обамен сырқаттану немесе сырқаттануға күдіктенудің анықталған әрбір жағдайы туралы тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, обаға қарсы күрес ұйымдарын тез арада хабардар етеді. 12. Обаға күдіктену кезіндегі далалық, клиникалық және патологиялық-анатомиялық материалды зертханалық зерттеуді Кодекстің 144-бабы 6- тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына (бұдан әрі – нормалау құжаттары) сәйкес патогендігі I (бірінші) топтағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге Орталық режимдік комиссияның рұқсаты бар обаға қарсы күрес ұйымдарының бактериологиялық зертханалары орындайды: 1) оба қоздырғышының бар болуына күдікті материалды зертханаға зерттеуге жеткізу контейнерлермен, бикстермен немесе тоңазытқыш-сөмкелермен іске асырылады; 2) зертханада оқшауланған оба қоздырғышы өсірінділерін ұйымдар арасында тасымалдау арнайы поштамен немесе биологиялык қауіпсіздік талаптарымен таныс екі адам қолма-қол жүзеге асырады, бұл ретте олардың біреуінің медициналық (биологиялық, ветеринариялық) білімі және патогендігі I – II топтағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсаты бар болады. 13. Обаға қарсы күрес ұйымдары өздеріне бекітіліп берілген оба бойынша энзоотиялық аумақта: 1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен жоспарларға және бақылау сандарына сәйкес оның нәтижелерін бағыныстылығы бойынша, сондай-ақ тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық органдарына, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына және атқарушы биліктің жергілікті органына ұсына отырып, эпизоотологиялық зерттеу; 2) обаға күдіктену кезінде ауырған адамдардан алынған материалды зерттеу; 3) эпидемиологиялық көрсеткіштер мен бақылау цифларына сәйкес жоспарлы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды орындау; 4) экстремалды жағдайлар тіркелген кезде жоспардан тыс (шұғыл) іс-шараларды өткізу – түйе обасымен ауыратын адамның болуы, стационарлық және уақытша елді мекендерге, адамның шаруашылық қызметінің басқа объектілеріне, көлік магистральдары жақын жерлерде жіті және жайылған оба эпизоотиясын анықтау; 5) энзоотиялық аумақта адамдардың обаны жұқтыру тәуекелі топтарын анықтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ақпарат беру; 6) энзоотиялық аумақта медицина қызметкерлері үшін оба клиникасы, диагностикасы, емдеу, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, адамдарды вакцинациялау мәселелері бойынша оқыту семинарлары; 7) ветеринария саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшілері мамандарымен түйелер обасының алдын алу мәселелері және оларды вакцинациялау әдістемесі бойынша семинарлар және нұсқамалар; 8) обаның алдын алу бойынша халықпен санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу. 14. Обаның табиғи ошақтарында жүргізілетін негізгі алдын алу іс-шараларының көлемі мен сипатын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы айқындайды. 15. Обаның табиғи ошақтары аумағындағы заңды және жеке тұлғалардың объектілерінде: 1) кеміргіштердің енуі және тіршілік әрекеті үшін жағдайларды болдырмау мақсатында елді мекендер мен ұйымдардың аумағын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындау; 2) елді мекеннің аумағында немесе олардың шегінде орналасқан объектілерде (ұйымдарда) дератизациялауды және дезинсекциялауды ұйымдастыру және жүргізу; 3) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүзеге асыратын обаға қарсы күрес ұйымдары қызметкерлерінің, тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің ұйымның аумағына және онда орналасқан объектілерге кіруі және дератизациялық, дезинсекциялық жұмыстарды жүргізуі; 4) обаға қарсы күрес ұйымдарының, тиісті аумақтарда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламат­ты­лығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың және тиісті лицензиясы бар ұйымдар маман­дарының күшімен өз аумағында және онда орналасқан объектілерде дератизациялау және дезинсекциялау жүргізу; 5) обаға қарсы күрес ұйымдары мен тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламат­тылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мамандарының халық арасында обамен сырқаттанушылықтың алдын алуға бағытталған нұсқауларын міндетті түрде орындау қамтамасыз етіледі. 16. Табиғи ошақтың аумағына жіберілетін немесе ондағы жеке тұлғаларға эпизоотиялық және эпидемиялық жағдай асқынған кезде обаға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. 17. Сондай-ақ вакцинациялауға жататын топтарды вакцинациялау жүргізу мерзімдерін және оны бақылауды обаға қарсы күрес ұйымдарының келісімі бойынша тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері айқындайды. 18. Иммундық-профилактиканы аумақтық денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына сәйкес және өндірушінің обаға қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырады. 19. Меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, медициналық ұйымдар: 1) обаға қарсы күрес ұйымдарының мамандарына жоғары температура, лимфаденттер және обаға тән басқа да симптомдармен қоса жүретін аурулармен ауырып жазылған адамдарды анықтау үшін медициналық құжаттар беруді; 2) обамен ауыратын науқастар анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге ауруханалық базаның (обамен ауырған науқастарға арналған инфекциялық стационардың, байланыста болған адамдарға арналған изолятордың, провизорлық инфекциялық стационардың) дайындығын; 3) обаның эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және профилактикасы мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің дайындығын, обамен ауыратын науқас (күдікті) анықталған кезде алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді; 4) обамен ауыратын шартты науқасты енгізу арқылы оқу жаттығуларын (сабақтарды) ұйымдастыруды және жүргізуді; 5) оба бойынша ошақтық аумақтағы халықтың, әсіресе табиғатта обаны жұқтырудың жоғары қаупі болатын декреттелген контингенттердің саны және таралуы туралы мәліметтер жинауды; 6) тұрғылықты жерлерге барған кезде вахталық қызметкерлерді медициналық қадағалауды; 7) осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген медициналық ұйымдарда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қорғаныш костюмдері, сынама алуға арналған, жеке қорғаныш заттары, дезинфекциялау құралдары жиынтықтарымен және тұзды ерітінділермен қамтамасыз етілуге қойылатын талаптарға сәйкес қорғаныш костюмдерінің, персоналдың жеке профилактика құралдарының, дезинфекциялық құралдардың, сынама алуға арналған жинақтардың, жеке қорғаныш құралдарының, дезинфекциялау құралдары мен тұзды ерітінділердің болуын қамтамасыз етеді. 20. Кеміргіштер арасында обаның эпизоотиясы анықталған орындарда жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссиялар обаға қарсы күрес ұйымдарының ұсынымы бойынша қауіп төндіретін аумақта шаруашылық, іздеу және өзге де қызметке уақытша шектеулерді: 1) малды жаюға және айдауға тыйым салу; 2) аңшылық кәсібін жүргізуге тыйым салу; 3) жаппай іс-шаралар жүргізуге тыйым салу; 4) жем-шөпті, астықты және басқа да эпидемиялық маңызы бар жүктерді эпизоотиялық аумақтан тыс шығаруға тыйым салу енгізеді. 21. Аумақтық ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдары, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер обамен ауыратын және күдікті түйелерді оқшаулайды және өртеу жолымен жояды. Обамен ауыратын түйелерге емдеу жүргізілмейді. Түйелер өлген және ашылған орын дезинфекцияланады. 22. Мәжбүрліктен сойылған және өлген түйелердің өлекселерін обаға қарсы күрес ұйымынан келген маманның қаты­суымен ашады. Секциялық материалды обаға қарсы күрес зертханасында оба қоздырғышының болуына зерттейді. 23. Сау түйелердің жүні инсектицидтермен өңделеді, екі қабатталған орамамен буылады және шектеу іс-шаралары жойылғаннан кейін ыстық сумен өңдеу үшін жууға жібереді, ол туралы «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының кедең аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға біріккен ветеринариялық сертификаттардың нысандары туралы» Кедең одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген ветеринариялық сертификатта (№32 нысан) тиісті белгі қойылады. Алдын ала ветеринариялық куәландырусыз өлген түйелерден алынған тері мен жүнін өртейді. 24. Оба эпизоотиясының өтуі кезеңінде әрбір түйе ветеринариялық бақылауға жатады. Бұл уақытта диагнозы анықталмаған ауру түйелерді союға тыйым салынады. Сау жануарларды сою жануарларды он күн бақылағаннан кейін ветеринариялық дәрігердің рұқсатымен жүргізіледі, өлген және мәжбүрліктен сойылған түйелер оба қоздырғышына зерттеледі. 25. Қазақстан Республикасының барлық аумағында түйелерді профилактикалық вакцинациялауды өндірушінің обаға қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулығында көзделген тәртіппен және мерзімде ветеринария саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің бақылауымен ветеринария мамандары жүргізеді. Вакцинацияланған жануарларды бақылау 14 күн бойы жүргізіледі. 26. Жануарларды обаға қарсы вакцинациялау жүргізуді вакцинацияланған жануарлардың санын, вакцинаның, өндіруші кәсіпорынның толық атауын, сериясы мен бақылау нөмірлерін, дайындалған күні мен жұмсалған вакцинаның санын көрсете отырып, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген «Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық–профилактикалық iс–шараларды жазу журналында (№ 1-вет нысан) ресімдейді. Журналға мал иесі қол қойған вакцинацияланған жануарлардың тізімі қоса беріледі. 27. Тиісті аумақтардың мемлекеттік веринариялық-санитариялық инспекторларының, сондай-ақ ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың талабы бойынша жануарлар обаға қарсы профилактикалық вацинациялауға әкелінеді. 28. Жаңадан сатып алынған жануарлар туралы жеке және заңды тұлғалар тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларын, сондай-ақ ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды хабардар етуі қажет. 29. Тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының, сондай-ақ ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың рұқсатынсыз түйелерді мәжбүрліктен союға тыйым салынады. 30. Жануарлардың сырқаттану, мәжбүрліктен сойылу немесе өлу жағдайлары туралы жеке және заңды тұлғалар тиісті аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына тез арада хабарлайды. 31. Мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындау, қайта өңдеу, өткізу бойынша ұйымдарда жыл сайын және жұмысқа қабылдау кезінде өндірістік қызметі малды бағумен, күтіп-ұстаумен және өсірумен, мал шаруашылығы шикізаты мен өнімін сақтаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және өткізумен байланысты қызметкерлерді обаның профилактикасы қағидаларына оқыту жүргізіледі. 32. Аумақтық ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары және жергілікті атқарушы органдар обаға қарсы күрес ұйымдарын оба симптомдары бар түйелердің ауруының барлық жағдайлары, аурудың белгісіз клиникалық көрінісі бар және түйелердің белгісіз себептермен өлген барлық жағдайлары туралы хабардар етеді. 33. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын ұйымдар, көлік құралдарының иелері және мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің басшылары обаға қарсы күрес ұйымдары мен санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мамандарының эпизоотологиялық тексеру жүргізу үшін ұйымның аумағына, оба бойынша қолайсыз елдерден келген көлік құралдарына, сондай-ақ жүктер мен тауарларды уақытша сақтау үй-жайларына кіруіне қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 34. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын ұйымдар және көлік құралдарының иелері мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның шешімі бойынша обаны жұқтыруға күдікті келген көлік құралын санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) обаға қарсы күрес іс-шараларды жүргізу үшін санитариялық тұраққа (айлаққа, тұйыққа, алаңға) жібереді. 35. Ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері шегінен тыс жерлерде тауарлары мен жүктері бар контейнерлер мен лихтерлерді алғаннан және ашқаннан кейін оларда кеміргіштер немесе олардың тіршілік ету іздері, сондай-ақ эктопаразиттер анықталған кезде ол туралы тез арада тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін хабардар етеді. 36. Қазақстан Республикасының аумағына ветеринариялық сертификатсыз әкелінген терісі бағалы аңдардың (сарышұнақ, суыр және басқалары) терілері «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жойылуға жатады. 37. Алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар науқаста обаға күдік пайда болғаннан кейін немесе обамен сырқаттануға күдікті адам қайтыс болғаннан кейін ошақты ресми ашқанға дейін жүргізіледі. 38. Алғашқы эпидемияға қарсы іс-шараларға мыналар жатады: 1) Үлгілік хабарлау схемасына сәйкес обаға күдікті науқас немесе қайтыс болған адам анықталғаны туралы тез арада ақпарат беру; 2) науқасты оқшауланған палатаға немесе (боксқа) емдеуге жатқызу, мәйітті мәйітханаға жеткізу немесе (оларды медициналық мекемелерге жеткізу мүмкін болмаған жағдайда) сол жерде науқасты немесе мәйітті және олармен байланыста болған адамдарды саралап оқшаулау; 3) оқшаулау және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жағдайларын, жеке қауіпсіздігін (бірінші типтегі қорғаныш костюмін қолдану) қамтамасыз ету үшін қажетті сақтық шараларын сақтай отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін инфекциялық аурулар бөлімшесіне науқасты тасымалдау; науқасты тасымалдау мүмкіндігі немесе қажеттілігі болмаған кезде (обаның өкпе немесе ішек түріне күдіктенгенде, ауыр жағдайы, мамандандырылған арнайы көліктің болмауы) оның тұратын жеріне мамандар бригадасы шақырылады; 4) эпидемиологиялық анамнез жинау; 5) науқастың (мәйіттің) болған орнын, оның ішінде оны тасымалдаған құралдарды, сондай-ақ жұқпалы болуы мүмкін басқа да объектілерді дезинфекциялау. 39. Обаның эпидемиялық ошағы төтенше жағдайлар бойынша аумақтық комиссияның арнайы шешімімен «оба» (расталған жағдай) диагнозы ресми қойылғаннан кейін ашылады. Осы шешіммен обаға қарсы күрес ұйымының немесе тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлерінің қатарынан ошақтың бастығы сайланады, сондай-ақ ошақ штабы құрылады, соның басшылығымен төменде баяндалған іс-шаралар жүзеге асырылады. 40. Обаның эпидемиялық ошағындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар ұйымдастыру және функционалдық жағынан байланысты - ошақты таратпау және оны жою деген екі бөлімнен тұрады. 41. Обаның эпидемиялық ошағын таратпау және жою бойынша іс-шаралар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша бекітілген жоспарына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі. 42. Іс-шаралардың көлемі мен сипаты оба жағдайының анықталғаны туралы қорытындыны алғаннан кейін тез арада жүргізілетін эпидемиологиялық тексеру деректерімен айқындалады. 43. Обаның эпидемиялық ошағы аймағындағы шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Кодекстің 150-бабы 4-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 44. Обаның эпидемиялық ошағында шектеу іс-шараларын қамтамасыз ету үшін басқа ведомстволардың күштері мен құралдарын тарту, ауыл шаруашылығы және үй жануарларын бақылау мәселелері төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссияның қарамағында болады және аумақтық іс-шаралар жоспарына сәйкес және жергілікті атқарушы билік органдарының келісімі бойынша шешіледі. 45. Эпидемияға қарсы жұмыс режимін қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жедел жүргізу мақсатында медициналық жасақтардың персоналы обаның эпидемия ошағында оның ашылған сәтінен бастап ресми түрде жабылуына дейін казармалық жағдайға ауысады. 46. Оба ошағын таратпау бойынша іс-шаралар науқастан немесе мәйіттен адамға жұғуының алдын алуға және биологиялық және биологиялық емес сипаттағы залалданған объектілердің аумақтық таралуын шектеуге бағытталған. Ошақты таратпау мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады: 1) обамен ауыратын науқасты анықтау; 2) обамен ауыратын науқасты емдеуге жатқызу; 3) обадан қайтыс болған адамдарды анықтау; 4) обадан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жерлеу; 5) обамен залалданған объектілермен байланыста болған адамдарды анықтау және оқшаулау; 6) карантиндік іс-шаралардың және оларды іске асыру қажеттілігін, мерзімдері мен көлемін айқындау; 7) обаға күдікті симптомдары бар адамдарды провизорлық емдеуге жатқызу; 8) науқастарды оқшаулауды және обаның диагностикасын жеделдету үшін медициналық мекемелерге қаралу кезінде және тұрғылықты мекенжайы бойынша тұрғындарды медициналық бақылау; 9) ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау жүргізу. 47. Обаның эпидемиялық ошағы: 1) обамен ауыратын науқасты (науқастарды) емдегеннен және емдеп шығарғаннан кейін; 2) залалданған объектілермен байланыста болған адамдарды профилактикалық емдегеннен және емдеп шығарғаннан кейін; 3) дератизация, дезинсекция және қорытынды дезинфекция бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін жойылған болып есептеледі. 48. Емдеу аяқталғаннан кейін пациентті мынадай шарттар сақталған кезде: 1) аурудың клиникалық симптомдары болмағанда; 2) қанның және зәрдің зертханалық талдаулары қалыпты болғанда; 3) обаның терілік, ангинозды және бубонды түрлерінде 6 күн ішінде немесе өкпе және септикалық түрлерінде, сондай-ақ менингит және ішек асқынуларында 10 күн ішінде дене қызуы тұрақты қалыпты болғанда; 4) антибиотиктік терапия аяқталғаннан кейін бір тәуліктен соң алынған материалдың бактериологиялық зерттеуінің бір жолғы теріс нәтижесі болғанда шығарады. 49. Шығарылғаннан кейін реконвалесцент үш ай бойы диспансерлік бақылауға жатады. 50. Эпидемиологиялық ошақ болған кезеңде медициналық ұйымдар: 1) аулалық тексеру нысанында халыққа медициналық бақылауды жүзеге асыру кезінде халыққа медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде обаның симптомдары бар науқастарды анықтауды және алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді; 2) обаға қарсы күрес ұйымдары немесе тиісті аумақтарда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың аса қауіпті инфекциялар зертханасы мамандарының қатысуымен медициналық ұйым қызметкерлерінің науқастан материал алуын; 3) науқастарды мамандандырылған автокөлікпен тасымалдауды, оларды емдеуге жатқызуды, клиникалық-эпидемиологиялық және зертханалық зерттеуді, емдеуді, сондай-ақ ағымдық дезинфекциялау жүргізуді ұйымдастыруды; 4) науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулауды, тексеруді және жедел профилактиканы; 5) обаның сигналдық белгілері бар барлық науқастарды провизорлық емдеуге жатқызуды; барлық инкубациялық кезең ішінде медициналық бақылау және жедел профилактика жүргізе отырып, байланыста болған адамдарды оқшаулау; 6) патологиялық-анатомиялық диагнозды белгілеу және зерттеу үшін тиісті материалды алу мақсатында этиологиясы белгісіз жіті инфекциялық аурулардан қайтыс болған, оба ауруының бар болуына күдікті адамдарды, сондай-ақ медициналық көмекке жүгінбеген адамдардың тез арада қайтыс болуының барлық жағдайларында патологиялық-анатомиялық союды қамтамасыз етеді. 51. Обадан қайтыс болғандарды сою, олардан обаға зерттеу үшін материал алу және оны мамандандырылған зертханаларға тасымалдауды обаға қарсы күрес ұйымдарының мамандарының қатысуымен жүргізеді. 52. Мәйітті жерлеу орнына тасымалдау нормалау құжаттарына сәйкес жинақталған I типтегі қорғаныш киіміндегі эвакуаторлар бригадасы бөлінген көлікпен металл немесе ағаш табытта жүргізеді. 53. Обадан қайтыс болған адамды жерлеу обаға қарсы күрес ұйымы маманының қатысуымен аумақтың коммуналдық қызмет күштерімен ортақ зиратта жергілікті діни-этностық дәстүрлерді ескере отырып, жүргізіледі. 54. Ведомстволық тиістілігі және меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғалар обаның эпидемиялық ошағында осы Санитариялық қағидаларға сәйкес эпидемиялық ошақта оба ауруының таралуының алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. 3. Тырысқақтың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 55. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген Тырысқақ вибрионына негізделген аурулар сыныптамасына сәйкес жүргізіледі. 56. Тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мемлекеттік денсаулық сақтаудың жергілікті органдарымен және аумақтық обаға қарсы күрес ұйымдарымен бірлесіп тырысқақ бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге қатысады, оларды жасау кезінде мыналар ескеріледі: 1) тырысқақтың әкелінуін және қоршаған орта объектілерінен тырысқақ вибриондарының бөлінуін талдау деректері; 2) климаттық-географиялық ерекшеліктер; 3) тырысқақ бойынша қолайсыз елдермен, бастауын шетелден алатын су қоймаларымен көршілестік; 4) көлік байланысы; 5) көші-қон процестері; 6) аумақтың санитариялық-гигиеналық жағдайы (сумен жабдықтау, кәріз, санитариялық тазалау); 7) рекреациялық (демалыс орындары, жағажайлар, аквапарктер, бассейндер және басқалары) және тұрмыстық суды пайдаланудың сипаты мен шарттары; 8) халықтың әдет-ғұрыптары. 57. Іс-шаралар жоспарларын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекітеді. 58. Тырысқақ бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жоспарлары мыналарды: 1) тырысқақ бойынша эпидемиялық асқынулар жағдайында медициналық, санитариялық-профилактикалық, аумақтық обаға қарсы күрес ұйымдары мен ведомстволық медициналық қызметтердің дайындығын және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелерін; 2) тырысқақтың, басқа да ішек инфекцияларының берілу жолдары мен факторларының іске асырылуының (әкелінуінің) әлеуетті қауіптілік дәрежесін ескере отырып, тырысқақты тұрақты эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етуді; 3) тырысқақ ошағын уақтылы оқшаулауға және жоюға бағытталған, сондай-ақ тырысқақтың бірлі-жарым және жаппай туындау жағдайлары мүмкіндігін ескере отырып, сол үшін қажетті күштер мен құралдарды есептей отырып, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін; 4) тырысқақ бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуге медицина қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз етуді; 5) тырысқақ бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін медициналық жасақтарды ашуға медициналық ұйым