Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерін шетел азаматтарына сату туралы мәселе жоқ екенін және талқыланбайтынын да тайға таңба басқандай ашық түрде айтты. Шындығында, жердің иесі болғанда ғана тиімді пайдаланылатыны жөн сөз дер едім. Иесіздік жүрген жерде тиімділік болмайды.
Жер біздің асыраушымыз. Ішер асың, киер киімің, басқа да игіліктер осы жұмыр жер арқылы келеді. Сондықтан, жерді қастерлей білуіміз керек. Кешегі кеңестік кезеңде көрсеткіш қуамыз деп жүріп, егіншілікке жарамсыз жерді жыртып тастағанымыз әлі естен шыға қоймағаны шындық. Егістік ауылдың іргесіне дейін келіп, елді мекен маңы тулақтай болып қалғаны да жасырын емес. Гектар түсімділігі түкке тұрмайтын жерлердің осыншалықты бей-берекет жыртылуының арты бұл алқаптардың азып-тозуына, топырақ эрозиясына ұшырауына соқтырды. Кезінде мал шаруашылығын дамытуға басымдылық берілетін аудандардағы шаруашылықтардың өзі 10-15 мың гектарға дейін егіс салып, жарытымды өнім ала алмай, топырақтың құнарлы қабатының азаюына соқтырды. Егемендіктің елең-алаңындағы жаппай жекешелендіру кезінде жер үлестерін алғандардың өздері оны тиімді пайдалана алмады. Қазір не өзі пайдаланбай, не өзгені жолатпай, иесіз қалған жерлер қаншама? Қыстақтардағы үйлер мен қоралар бұзылып, құдықтар көміліп қалды. Шөбі шабылмай өртке оранып кететін жайттар да кездеседі. Осының бәрі иесіздіктен емес деуге бола ма?
Жақында мерзімді басылымнан жерді бұрыннан пайдаланып келе жатқан шаруа қожалықтары немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өз жерлерін оның кадастрлық құнының 50 пайызы мөлшеріндегі бағаға 10 жыл бойына бөліп төлеу шартымен сатып ала алатынын, олар сонымен қатар, жерді жалға алуды әрі қарай жалғастыру құқығына да ие екенін оқыдым. Менің ойымша, жердің иесі болу керек деген талап орынды. Сонда ғана оны күтіп-баптап, қадіріне жетеді.
Менің негізгі мамандығым инженер-механик. Ұзақ жылдар кеңшарда мамандығым бойынша еңбек еттім. 1993 жылы осы «Қостемір» шаруа қожалығын ашып, өз бетімше жұмыс істеуге кірісіп кеттім. Бастапқыда мал саны көп бола қойған жоқ. Мал өсірдік, шөп дайындадық. Артылғанын саттық дегендей, шаруа жүргізуге талаптандық. Ал қымыз өндіруді 1995 жылдан бастадық. Жыл сайын байланатын биелер санын көбейтіп келеміз. 1,5 және 0,5 литрлік пластик ыдыстарға құйылған қымыз Ақтөбе, Атырау қалаларына өткізіледі.
Шаруа қожалығы жылқыдан басқа қой және ірі қара өсірумен айналысады. Жалпы, мал өсіремін деген адамға Үкімет қалтқысыз қарасуда. Ірі қара тұқымын асылдандыру, қымыз өндіруге, малдың жемшөбіне субсидия берілуде. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды дамытуға да қолдау көрсетілуде. Біз «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалы арқылы лизингке техника сатып алдық. «Сыбаға» бағдарламасының да игілігін көрудеміз. Жер – басты байлық. Оны да тиімді пайдаланып, бәсін төмендетпеуіміз керек. Жерге жанашырлық көзқарас қалыптастыру ата-бабамыздан қалған асыл қасиет. Бұрынғы үлкендер көкті жұлма, жерді қазба дегенде оның қадірін білгеннен кейін айтса керек. Оны кейінгі ұрпақтың игілігіне қалдыру үшін қадіріне жетейік дегім келеді.
Сабытай ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ,
«Қостемір» шаруа қожалығының жетекшісі
Ақтөбе облысы,
Байғанин ауданы

Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Президент • Бүгін, 16:08
@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты
Экология • Бүгін, 15:59
Президент Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:23
Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Президент • Бүгін, 14:51
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:48
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады
Президент • Бүгін, 14:33
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 14:20