97 жастағы журналист қарияның туындысы туралы сөз
Өмірде өнегелі іс-әрекетімен де, биік білім-білігімен де, жаздай жайдары мінезімен де, жасаған жақсылығымен де, көпке арналған еңбегімен де елден ерек көрініп, тамаша танылған керемет келісті адамдар болады ғой. Өз басымыз Үсенбай ата Тастанбековті осы сапқа кіргізіп, осы санатқа жатқызар едік. Неге дейсіз ғой, айтайық.
Ол кеудесінде көптеген жауынгерлік орден-медалі жарқыраған Ұлы Отан соғысының ардагері, қаламы қайратты журналист, мықты редактор, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті төрағасы, ана тіліміздің шын жанашыры, Қазақстанның құрметті журналисі, Алматы облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, тоғыз кітаптың авторы, ел мен жердің тарихына жетік шежіре қарт, ең ақыры «Егеменнің» бел құрдасы, яғни, 97 жаста!
Сұрапыл соғыста қан майданның қақ ортасында жүрген, тіпті, Белоруссия жерінде қаһарлы партизан да болған, елге екі аяғынан жараланып оралған Үсенбай ата өзінің ұзақ ғұмырында адамдық пен адалдықтың ақ жолынан айныған жоқ, басшылық қызметінде де аспады, таспады. Жамандыққа ермеді, намысын қолдан бермеді. Сабырлы күйде салмақты еңбек етті. Алдымен халыққа болсын деді, елдің көңілі толсын, деді. Алматы облысындағы Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қаскелең (қазіргі Қарасай) сияқты үш ауданда редактор болып, аудандық партия комитетінде жемісті қызмет етті.
Қарап тұрсаң қызық, тіпті, таңғаласың. Үсенбай ата сонау замандағы «Батыр бала Болатбекпен» (пионер Болатбек Омаров) 4-сыныпта бірге оқыпты!.. Қаскелеңдегі жалғыз қазақ тіліндегі Абай мектебінде атақты Әди Шәріповтен сабақ алыпты. Қаһарман қазақ Қасым Қайсеновпен сыйлас дос болыпты. Белгілі ақын Құрманғали Ұябаевпен жақсы жолдастық қарым-қатынаста жүріп, шығармашылығына ықпал етіпті. Тамаша ақын Нұрсұлтан Әлімқұловқа, белгілі жазушы Мұхаметжан Етекбаевқа тәлім-тәрбие беріпті. Шебер фотожурналист Сайлау Пернебаевты алғаш жұмысқа қабылдапты. Ал, осыған Еңбекшіқазақтағы редакторлық кезінде Тұманбай Молдағалиевтың тұңғыш өлеңін жариялап, жолын ашқанын қоссақ ше! Өйтпесе, қазақтың аталған ұлы ақыны ағынан жарылып:
Алғашқы менің жыр деп жазған шатпағым,
Алғашқы гүлім, алғашқы басқан ақ қарым.
Алғашқы әнім, алғашқы шыққан биігім,
Сен шығаратын газеттен орын тапқанын –
Әйгілеп айттым даусымның жеткен жеріне,
Мен содан бастап ұмтыла бердім өріме.
Мен содан бастап ақындық атты құдіреттің,
Жалақы алмай жалшы боп кірдім еліне... – деп жазар ма еді?!
Алматыдағы «Тоғанай Т» баспасынан абыз қарияның «Қалам ұшындағы өмір» атты мақалалар, эсселер кітабы (өкініштісі, таралымы өте аз) жарық көрді. Өмірден көргені көп, түйгені мол, ғасырға жуық жасаған Үсенбай ата Бақтиярұлы Қарасай ауданының тарихы, жер-су аттары, атақты адамдары туралы, халық ақындары Саяділ Керімбеков, Оспантай Есқожаұлы, Нұрила Әбенқызы, Табия Қаражанова жайлы, тіл тазалығы, ана тілін шұбарлап сөйлейтіндер, ұлттық тәлім-тәрбие, әртүрлі газет мақалалары жөнінде жазған. Ақсақал жорналшының есте сақтау қабілетіне қарап отырып риза боласың. Әлдебір оқиғаның жылынан жаңылмайды, күнінен кідірмейді. Тек естуі нашарлап қалғандай. Кітабының екінші бөлімі майдан жолдарына арналыпты. Сондай-ақ, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов туралы айрықша сүйіспеншілікпен, ерекше құрметпен әсерлі әңгімелеген.
Анығын айтсақ, кітаптан алар ғибратымыз, түйер ойымыз, білер деректеріміз, санамызға сыналап кіргізер жан жадыратар үлгі-өнегеміз өте мол.
Иә, бұл, шынында да, тоқсанның толғауы екен!
Берікбай ҚАДЫҚОВ,
журналист
Алматы облысы,
Қарасай ауданы

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05